«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Түлек-2018

Облыста 25 колледж әрекет етеді, онда 11850 студент еңбек нарығында сұранысқа ие 75 мамандықтар мен 122 біліктіліктер бойынша мамандықтар алады.

 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша 3677 түлектің 2477 адамы жұмысқа орналасқан немесе 65,6%.

 Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмысқа орналасқан түлектер саны 1662 адамды құрайды немесе 63,5%. 

Түлектердің жұмысқа орналасуының талдауы ТжәнеКБ күндізгі білім нысанындағы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі төмендегенін көрсетеді (2017 жылы — 66%, 2016 жылы — 67,8%, 2015 жылы — 72,8%).

Шығарылған 3224 адамның (күндізгі оқу нысаны бойынша) 2018 жылғы қараша айындағы жағдай бойынша:

жұмысқан орналасқан — 2004 адам немесе 62,1%;

жоо-ға түскендер — 270 адам немесе 8,4 %;

колледждерге басқа мамандықтар бойынша түскендер — 69 адам немесе 2,1%; 

әскерге шақырылғандар — 353 адам немесе 11%;

мемлекеттен шекара асқандар — 77 адам немесе 2,4%;

бала күтімі бойынша демалыста — 134 адам немесе 4,1%;

жұмысқа орналаспағандар — 317 адам немесе 9,8%.

Жұмысқа орналаспағандардың көп саны келесі біліктіліктер бойынша: тракторшы (32 адам), заңкеңесші (23), аспазшы (18), электромеханик (16), дантист (15), экономист-бухгалтер (14), медициналық бике (13) және т.б.

Жастарды жұмысқа орналасуына ықпал жасау үшін білім басқармасының сайтында оқу мекемелері мен мамандықтардың салаларында сауалнамалық мәліметтерді және кәсіби біліктіліктерін көрсетумен ТжәнеКБ түлектерінің мәліметтер базасы қалыптастырылды және үнемі жаңартылуда.

Жұмысқа орналаспаған түлектердің тізімі аудандық және Петропавл қаласының әкімдіктеріне көрсетілген елді мекендерге бекітуге ықпал жасау үшін жолданды.

2018-2019 оқу жылында ТжәнеКБ оқу мекемелері арасында және 563 кәсіпорындармен (соның ішінде орта және шағын бизнестегі кәсіпорындар) ТжәнеКБ өндірістік практика мен түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша 884 келісімдер, шарттар жасалды.

Оқу мекемелері жұмыс берушілермен бірлесе «кәсіптер жәрмеңкесін», Ашық есік күнін, кәсіпорындарда саяхат өткізеді.

Дуальді оқыту 21 колледждерде 24 мамандықтар бойынша, 253 кәсіпорындармен бірлесе, 2234 адамды қамтумен жүргізіледі (өткен жылмен салыстырғанда қамту 2 адамға ұлғайды).

Оқу жылы ішінде облыстың колледждерінде салалық кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек жағдайы, бос орындардың нақтылы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізіледі.

Оқу мекемелері жұмыс берушілермен бірлесе үнемі колледж түлектерін олардың одан әрі жұмысқа орналасуы бойынша сауалнама өткізеді. Түлектердің болжамды жұмысқа орналасуы мен қамтылуы анықталынады.

ТжәнеКБ ұйымдарының түлектерін қамтуды қамтамасыз ету үшін облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен бірлесе «Жастар саясаты» бағдарламасы іске асырылады.

Білім басқармасымен түлектердің жұмысқа қамтылуын есепке алумен, соның ішінде Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының мәліметтерін пайдаланумен колледждердің рейтингісін өткізу бойынша жұмыс жүргізіледі.

Жұмысқа орналаспаудың негізгі себептері:

  • жұмыс берушінің мамандық бойынша жұмыс өтілімін талап етуі (жастар үшін жұмыс өтілімінсіз жұмысқа орналасу өте қиын);
  • кейбір мамандықтар бойынша еңбекақының төмен болуы (ауыл шаруашылық, медициналық мамандықтар, қызмет көрсету саласы, білім);
  • жұмыс берушілерді міндетті түрде түлектерді жұмысқа қабылдауды міндеттейтін нормативтік құқықтық базаның болмауы;
  • кәсіпорындар мен ұйымдарда бос орындардың болмауы.

Солтүстік Қазақстан облысының ТжәнеКБ ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасуы мен қамтылуы бойынша ақпарат

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 16:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.12.2018 10:17

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+