«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құқық бұзушылықтың алдын алу туарыл мәліметтер

Жадынама ата-аналарға арналған бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі

Жадынама ата-аналарға арналған бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі

Солтүстiк Қазақстан облысында Дүниежүзiлiк темекi түтiнiсiз күнiне арналған iс-шара өттi

2019 жылғы 3 маусым бiлiм басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау департаментiмен, «№ 3 қалалық емхана» және «Тұлға Орталығы» психологиялық орталығының мамандарымен бiрлесiп, ҚР БҒМ СҚО әкiмдiгiнiң «Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi» КМҚК базасында Дүние жүзiлiк темекi түтiнiсiз күнiне арналған iс-шара өткiздi.

Iс-шара оқушылардың шылым шегу жөнiнде хабардар болуын арттыру, жастар арасында салауатты өмiр салтын насихаттау, дене белсендiлiгi, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту сияқты мiнез-құлықтық қауiп факторларының алдын алуға бағытталған.

Iс-шара барысында темекi шегу бойынша дәрiс материалдары ұсынылды, темекi шегудiң қауiптiлiгi, онымен күресу тәсiлдерi, спортпен шұғылдану және белсендi өмiр сүру салты туралы мәселелер талқыланды.

Соңында кiтапшалар таратылды, қойылған сұрақтарға мамандар толық жауап бердi.

Құқық бұзушылықтың алдын алу туарыл мәлiметтер

Тұрақты қоғамдық-саяси жағдайды сақтау және қоғамдық тәртiп бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу бойынша тиiстi жедел-алдын алу iс-шаралар өткiзiлiп жатыр.

Әзiрленген жоспарларға сәйкес облыс аумағында кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiнiстердiң қызметкерлерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында СҚО IIД криминалдық полиция қызметтерiмен, есiрткi бизнесiне қарсы күрес басқармасымен, сондай-ақ бiлiм, денсаулық сақтау органдарымен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен өзара әрекет жасау кезiнде жастардың көп жиналатын орындары мен ойын-сауық мекемелерi бойынша рейдтiк iс-шаралар өткiзiлуде.

Өткiзiлген рейдтiк iс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде және кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта заңды тұлғалардың iлесiп жүруiнсiз үй-жайлардан тыс орындарда болғандары үшiн кәмелетке толмағандардың 326 заңды өкiлi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды (ҚР ӘҚБтК 442-б.).

Кәмелетке толмағандарды мас күйге дейiн жеткiзгенi үшiн 10 ересек адам анықталып, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды (ҚР ӘҚБтК 131-б.).

Кәмелетке толмағандарға алкоголь өнiмiн сатқандары үшiн 52 сатушы (ҚР ӘҚБтК 200-б.), темекi өнiмдердi сатқандары үшiн 21 сатушы (ҚР ӘҚБтК 133-б.) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Ағымдағы жылы ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың балаларды тәрбиелеу бойынша мiндеттерiн орындамағаны үшiн 149 заңды өкiлi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды (ҚР ӘҚБтК 127-б.).

Облыстың аумақтық IIО кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiнiстер КБО-ға 38 кәмелетке толмаған орналастырылды, тәрбиесi қиын балаларға арналған мамандандырылған мектебiне 1 кәмелетке толмаған жiберiлдi.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықты тұрақтандыру және құқық бұзушылықтарды ескерту үшiн ағымдағы жылы облыс аумағында 1 кең ауқымды республикалық акцияны қос отыра, бiрқатар алдын алу iс-шаралар өткiзiлдi («Жасөспiрiм — Заң — Қауiпсiздiк») және Спорт басқармасымен бiрлесiп, А. Винокуров атындағы Спорт сарайында қамқорлық алдын алу iс-шара өткiзiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 14:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2019 14:35

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+