«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Арнайы және инклюзивті білім

12.04.2019 «Рухани жаңғыру» Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балалардың азаматтылығын қалыптастыру және қоғамдық сана-сезiмiн жаңғырту» Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясының өткiзiлуi туралы

2019 жылғы 12 сәуiрде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ базасында «Рухани жаңғыру» Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балалардың азаматтылығын қалыптастыру және қоғамдық сана-сезiмiн жаңғырту» Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өткiзiлдi.

Конференцияның ұйымдастырушысы «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ болды.

Конференция жұмысына Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мамандары, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ, М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң профессорлық-оқытушылық және студенттер құрамы, бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары және Қазақстан Республикасы (Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Семей, Павлодар, Тараз қалалары) мен Ресей Федерациясы (Казань, Шадринск ққ.) жалпы бiлiм беретiн және арнайы оқу мекемелерiнiң ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балалармен жұмыс iстейтiн ұстаздары қатысты.

Конференция жұмысы 4 секция бойынша өткiзiлдi:

  • Өлкетану бойынша оқу және сабақтан тыс жұмысты бiрiктiру;
  • Сөйлеудi дамыту ерекше бiлiм берудi қажет ететiн оқушылардың қоғамдық белсендiлiгiн арттыру құралы ретiнде;
  • Заманауи мектеп жағдайында қазiргi заманғы қоғамның рухани жаңғыру жолдары;
  • Қосымша және кәсiби бағдарлау бiлiмi — прагматизмнiң және бәсекеге қабiлеттi ұлттың кепiлi.

Конференция шеңберiнде Қазақстан Республикасының 6 облысы және Ресей Федерациясының 3 облысынан ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балалар арасында оқушылар жобаларының конкурсы өткiзiлдi. Ұлттық-мәдени дәстүрлер — ұлттың рухани байлығы», Менiң өлкемнiң өсiмдiктер және жануарлар әлемi, «Жастарды тәрбиелеу табысты ұлт», «Туған өлкенiң табиғаты», «Қасиеттi жерлер — сакральдық география», Кәсiпке жол», «Бiлiм калейдоскоп», «Туған өлкенiң тарихы» аталымдары бойынша жобалар тыңдалды.

02.03.2019 «№40 Орта мектеп» КММ базасында «Көңiлдi старттар» спорттық iс-шарасы өттi

2019 жылы 2 наурызда «Д.М. Карбышев атындағы № 40 орта мектеп» КММ базасында «Менiң балам» ҚБ мен АББҚ ресурстық орталықтың балаларымен бiрге «Көңiлдi старттар» спорттық iс-шарасы өткiзiлдi. Осы iс-шараның мақсаты-балалардың мiнез-құлықтарының бұзылулары, қоршаған ортамен, әсiресе көрiнбейтiн адамдармен қарым-қатынас жасау ниетiн қалыптастыру. Салауатты өмiр салтын, спорт пен дене белсендiлiгiн насихаттау. Спорттық iс-шараға № 40 мектептiң ата-аналары мен мұғалiмдерi қатысты.

Қатысушылар үлкен әсер, жағымды эмоция алды. Iс-шараның соңында командаларға кәдесыйлар мен сыйлықтар табыс етiлдi.

14.02.2019 ж. Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшiсiнiң БАҚ, мәдениет және бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi Кристиан Райттiң және гранттар мен және бюджеттеу бағдарламаларының ассистентi Серiк Досалиевтiң № 40 орта мектепке жұмыс сапары

14 ақпанда № 40 орта мектептiң ресурстық орталығы базасында инклюзивтi бiлiм берудi дамыту мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшiлiгiнiң өкiлдерiмен кездесу өттi, оған Солтүстiк Қазақстан облысы Бiлiм басқармасының, Петропавл қаласының бiлiм бөлiмiнiң мамандары және № 40 орта мектептiң педагогтары қатысты.

Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшiсiнiң БАҚ, мәдениет және бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi Кристиан Райт және гранттар мен және бюджеттеу бағдарламаларының ассистентi Серiк Досалиев ресурстық орталықта ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балаларға жемiстi жұмыс iстеуге мүмкiндiк жасалғанын атап өттi.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, кеңесшi мырза ресурстық орталықтың қызмет саласын кеңейтуге және облыстың басқада бiлiм беру ұйымдарына жұмыс тәжiрибесi таратылады деп үмiт бiлдiрдi.

Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшiсiнiң БАҚ, мәдениет және бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi Кристиан Райттiң және гранттар мен және бюджеттеу бағдарламаларының ассистентi Серiк Досалиевтiң № 40 орта мектепке жұмыс сапарыҚазақстан Республикасындағы АҚШ елшiсiнiң БАҚ, мәдениет және бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi Кристиан Райттiң және гранттар мен және бюджеттеу бағдарламаларының ассистентi Серiк Досалиевтiң № 40 орта мектепке жұмыс сапарыҚазақстан Республикасындағы АҚШ елшiсiнiң БАҚ, мәдениет және бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi Кристиан Райттiң және гранттар мен және бюджеттеу бағдарламаларының ассистентi Серiк Досалиевтiң № 40 орта мектепке жұмыс сапарыҚазақстан Республикасындағы АҚШ елшiсiнiң БАҚ, мәдениет және бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi Кристиан Райттiң және гранттар мен және бюджеттеу бағдарламаларының ассистентi Серiк Досалиевтiң № 40 орта мектепке жұмыс сапары

14.02.2019 ж. «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқулар

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi бекiткен ұйымдастыру iс-шаралары жоспарына сәйкес «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқуын өткiзу шеңберiнде 2019 жылғы 14 ақпан «Есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ СҚО Төтенше жағдйлар департаментi өкiлдерiмен кездесу өткiзiлдi.

Кездесудiң тақырыбы «Өрт қауiпсiздiгi шараларына, балалардың судағы қауiпсiздiгiне және азаматтық қорғаныстың жалпы сұрақтарына оқыту». СҚО ТЖД АҚ басқармасы бастығының уақытша м.а. майор Қанғожинов Мұрат Серiкұлының басшылығымен СҚО ТЖД жедел-құтқару отрядының, медициналық-апаттық орталық, өрт сөндiру және апаттық құтқару жұмысы қызметкерлерi көмiртегi газымен уланғанда жәрдем беру, мұзда болу ережелерiжәне т.б. бойынша дәрiстiк және практикалық сабақтар өткiздi. Көрсетiлген құтқарушылардың киiмдерi мен құралдарына бiлiм алушылар қызығушылық танытты, балаларөрт сөндiрушiлердiң, суда жүзгiштердiң, құтқарушы-альпинистердiң арнайы киiмдерiн киiп көрдi. «Өрт қауiпсiздiгi профилактикасы» викторинасын бiлiм алушылармен «СҚО Жастар ресурстық орталығы»психологы Кожанова Зарина Қуантайқызы мен «СҚО Ерiктiлер клубы» ерiктiсi Гизатуллина Лилия Рашидовна жүргiздi.

«Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқулар

23.01.2019 №13 орта мектебiнде «Инклюзивтi бiлiм беру жағдайында оқушылардың рухани құндылықтарын дамыту» деген тақырыбына семинар өттi

2019. 23.01. «№13 орта мектеп» КММ «Инклюзивтi бiлiм беру жағдайында оқушылардың рухани құндылықтарын дамыту» тақырыбында инклюзивтi бiлiм берудi жүзеге асыруда ақпараттық мәдениет пен кәсiби құзыреттiлiк деңгейiн арттыру мақсатында облыстық семинар өткiзiлдi.

Семинарды «№13 орта мектеп» КММ базасында өткiзу қажеттiлiгi, 1999 жылдан бастап ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балаларды оқыту мен тәрбиелеумен шұғылданады, ал қазiргi уақытта өзiн-өзi тану бойынша пилоттық жобаға қатысушы болып табылады.

Семинар аясында « Өрлеу «БАҰО «АҚ филиалы» СҚО ПҚ БАИ «мен «№ 13 орта мектеп «КММ арасында аталған ұйымдардың, «Өрлеу «БАҰО «АҚ филиалының педагогикалық шеберхананың құрметтi мәртебесiн беруiмен ғылыми-зерттеу және оқу-әдiстемелiк қызметiнiң негiзгi бағыттарын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды.

Семинар қатысушыларының инклюзивтi бiлiм берудiң әдiстемелiк принциптерiн ұғынуы: демо-сабақтар, практикумдар, оқушы жобаларын таныстыру, сыныптан тыс iс-шаралар өткiзiлген сабақтар жүйесi арқылы жүзеге асырылды.

Семинар күтiлетiн нәтижеге жеттi, бұл iс-шараға қатысушы-әрiптестердiң берген жоғары бағасы осыны айғақтайды. Инклюзивтi бiлiм беру жүйесiнде жұмыс iстеген жылдары жинақталған мектеп мұғалiмдерiнiң жоғары кәсiбилiгi мен тәжiрибесi атап өтiлдi.

2018 ж. 01.02. 

Балабақшалардың психологтары үшiн облыстық семинар

Балабақшалардың психологтары үшiн облыстық семинар

1 ақпан күнi Петропавл қаласында «Мектепке дейiнгi мекемелерде және психологиялық-педагогикалық кабинеттерде психологиялық-педагогикалық аутизм спектрi бұзылған балаларды қолдау» тақырыбында облыстық психологиялық-педагогикалық кеңес беру, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерiнiң мамандарымен қалалық балабақшалардың психологтары үшiн облыстық семинар өткiзiлдi, базаға балабақша «Нурсат». Семинар жұмысында терминологияның қолданыстағы заңнамалық және нормативтiк актiлерiн пайдалану кезiнде түсiндiрулер берiлдi. Солтүстiк Қазақстан облысындағы аутизм спектрi бұзылулары бар мектеп жасына дейiнгi балалардың статистикасы ұсынылған.

Семинарда қатысушылар балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қызметтi ұйымдастыруымен, балабақшадағы психологиялық-педагогикалық кеңеспен танысты.

Практикалық жаттығулар психологтармен қолданылған мiнез-құлық талдауын, PECS балама коммуникациясын, нейропсихологияны, Мандала терапиясының элементтерiн, Монтессоридi қолдану арқылы өткiзiлдi.

Мектепке дейiнгi жастағы ерекше қажеттiлiктерi бар балалардың ата-аналарына кеңес берудiң әдiстерi, кезеңдерi түсiндiрiледi.

Семинарға 80 адам қатысты.

Балабақшалардың психологтары үшiн облыстық семинарБалабақшалардың психологтары үшiн облыстық семинар

«Samruk-Kazyna Trust» фондының бағдарламасы аясында «Бiлiм беру кеңiстiгiнде дамытатын құралдарын қолдану» Республикалық семинарында тыңдаушылар туралы ақпарат

Өту күнi: 2018 жылдың 22-23 қаңтар.

Өту орны: ҚР бiлiм және ғылым Министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi «Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ

«Samruk-Kazyna Trust» фондының бағдарламасы аясында үш жақты келiсiлген шартты орындау. «ӘБЕО Орталығы» 2018 жылдың 22, 23 қаңтарында «Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған №1 арнаы (түзету) мектеп-интернаты» КММ базасында бiлiм беру үрдiсiнде дамыту құралдарын қолдану бойынша Республикалық оқыту семинарын өткiздi.

Семинарды оқытқан арнайы педагог, «ӘБЕО Орталығының» әдiскерi Ильмуратова Гульназ Азатовна, Бiлiм басқармасынан семинарды ұйымдастырушы модераторы болып, СҚО ББ бас маманы Сербина Н.В. сөйледi, Көкшетау, Рудный, Атбасар, Ақмола облыстарының арнайы мекемелерiнен дефектолог, логопед, психолог және СҚО облыстық және аудандық арнайы мекемелерi қатысты.

Мектеп-интернаттың дәлiзiнде тәрбиеленушiлердiң шығармашылық жұмысының көрмесi ұйымдастырылды. Семинар барысында заманауи түзету педагогикасының өзектi сұрақтарына диалог және тәжiрибе алмасты.

Педагог-дефектолог Куандыкова Г.А. EduQuest бiлiм беру кешенiнiң мультимедиялық және дефектолог бөлмелерi туралы презинтация өткiздi.

Педагог-логопедтер Абильмажинова А.М., Сабиржанова М.К., «Дельфа» логопедиялық тренажорымен жұмыс бойынша мастер-класс көрсеттi және дайындады.

Психолог Исенов Б.Р. «Түстер және көңiл күй» сенсорлық бөлмесiнде практикалық сабақ көрсетiлдi.

Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыс бойынша орынбасары Нұрғожина А.А. аталмыш мекеменiң оқу-тәрбие жұмысының жүйесi туралы айтты және соңғы 2 жылдың жетiстiктерiн атап өттi.

«Бiлiм беру кеңiстiгiнде дамытатын құралдарын қолдану» оқыту семинарын өткiзу және даму мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн қажеттi жабдықты алуға көмек көрсеткенi үшiн мектеп-интернатының әкiмшiлiгi және семинар тыңдаушылары «ӘБЕО Орталығы» ЖШС бас директоры педагогика ғылымының докторы, профессор Р.А. Сүлейменова ханымға берiлген жабдық және ұйымдастырылған семинар үшiн өздерiнiң шексiз алғыстарын бiлдiредi.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат тапсырылды.

«Samruk-Kazyna Trust» фондының бағдарламасы аясында «Бiлiм беру кеңiстiгiнде дамытатын құралдарын қолдану» Республикалық семинарында тыңдаушылар туралы ақпарат «Samruk-Kazyna Trust» фондының бағдарламасы аясында «Бiлiм беру кеңiстiгiнде дамытатын құралдарын қолдану» Республикалық семинарында тыңдаушылар туралы ақпарат «Samruk-Kazyna Trust» фондының бағдарламасы аясында «Бiлiм беру кеңiстiгiнде дамытатын құралдарын қолдану» Республикалық семинарында тыңдаушылар туралы ақпарат

«Инклюзивтi жағдайдағы ерекше қажеттiлiктерi бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау. Статистика. Нормативтiк құжаттар» тақырыбында облыстық семинар

11 қаңтарда облыстық Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мамандары қалалық жалпы бiлiм беру мектептерiнiң бас мұғалiмдерiне, инклюзивтiк және арнайы бiлiмге жауапты аудандар мен қалалық бiлiм беру бөлiмшелерiнiң мамандары үшiн «Инклюзивтi жағдайдағы ерекше қажеттiлiктерi бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау. Статистика. Нормативтiк құжаттар» тақырыбында аймақтық семинар өткiздi.

Семинар жұмысында терминологияның қолданыстағы заңнамалық және нормативтiк актiлерiн пайдалану кезiнде түсiндiрулер берiлдi. Солтүстiк Қазақстан облысының арнайы бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балалар туралы статистикалық мәлiметтер келтiрiлген.

Инклюзивтi бiлiм берудiң проблемалары мен перспективалары талқыланды.

Семинарға қатысушылар үйде балаларды оқыту бойынша әдiстемелiк ұсыныстармен, арнайы бiлiм беру бағдарламалары мен жоспарларымен, мектепте психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырумен, мектептегi психологиялық-педагогикалық кеңеспен танысты.

Оқу қиындықтары бар балаларға арналған бiрiншi сыныпты қайталау және оқу бағытын анықтау мәселелерi қарастырылады.

Семинарға 61 адам қатысты.

«Инклюзивтi жағдайдағы ерекше қажеттiлiктерi бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау. Статистика. Нормативтiк құжаттар» тақырыбында облыстық семинар«Инклюзивтi жағдайдағы ерекше қажеттiлiктерi бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау. Статистика. Нормативтiк құжаттар» тақырыбында облыстық семинар

«Жеке және толық инклюзия жағдайында есту кемiстiгi бар балалармен жұмыс iстеу ерекшелiктерi» халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция

2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ Ресей-Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты iске асыру, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» жұмыс жоспары аясында «Жеке және толық инклюзия жағдайында есту кемiстiгi бар балалармен жұмыс iстеу ерекшелiктерi» халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өткiзiлдi.

Конференцияны ұйымдастырғандар «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы», «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ филиалы.

Конференцияның өкiлдiгi: «СҚО әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» КММ бас маманы, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ филиалының оқытушылары, СҚМУ, 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, 1 дефектология магистрi, арнайы (түзету) мектептерiнiң сурдопедагогтары, есту кемiстiгi бар балаларды оқытатын жалпы бiлiм беретiн мектептердiң ұстаздары, медицина қызметкерi мамандары (педиатр, сурдолог, психиатр), ата-аналар.

Конференция географиясы: Ресей Федерациясы (Қазан қ., Шадринск қ.), Запорожье, Қазақстан Республикасы (Астана, Алматы, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Орал, Зыряновск ққ., Солтүстiк Қазақстан облысы және Петропавл қ.)

Конференцияға қатысушылар инклюзивтiк бiлiм берудiң теориялық аспектiлерiн хабарлады, естiмейтiн, нашар еститiн мектеп оқушыларының, кохлеарлы имплантталған балалардың психофизикалық ерекшелiктерiн атап көрсеттi, осы санаттағы оқушыларды бейiмдеу және оңалту үдерiсiндегi ата-аналардың рөлiн көрсеттi, есту кемiстiгi бар балалармен жеке және толық инклюзияны iске асырудың практикалық тәжiрибесiмен алмасты.

Конференция оған қатысушылар мен «Есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ оқушыларының бiлiм беру үдерiсi қатысушыларының толеранттық мәдениеттi қалыптастыру бойынша бiрлескен жұмысымен ұйымдастырылған шеберлiк сабағымен аяқталды.

Машықтану бөлiмiнiң қорытындысында «Инклюзивтiк бiлiм беру» кластерi құрастырылды.

Ғылыми-тәжiрибелiк конференцияға қатысушылар Қазақстанда — Ресей Федерациясының арнайы бiлiм берудi ұйымдастыру үлгiсiмен жұмыс тәжiрибесi орасан дефектологтар, сурдоредагогтары топталған, есту кемiстiгi бар балаларды оқытуға арналған бағдарламалық-әдiстемелiк, сурдотехникалық базасы бар инклюзивтiк бiлiм берудiң ресурстық орталықтарын құрудың мақсатқа сәйкестiлiгiн, өйткенi инклюзивтiк бiлiм берудiң бiрден бiр түйткiлi мамандардың жетiспеушiлiгi және жалпы бiлiм беретiн мектептерде қолжетiмдi ортаның болмауын атап көрсеттi.

Мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстан-Ресейлiк Медициналық Университетімен бiрлесе мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау арқылы кеңестер түрінде тегiн психологиялық көмек көрсетіледi.

Егер Сiздiң отбасыңызда мүмкiндiгi шектеулi бала тәрбиененiп жатса және, сонымен қатар Сiзге психологиялық қолдау қажет болса, жай ғана қысқа 1411 нөмiрiне хабарласыңыз, жәрдемақы алушының ЖСН айтыңыз, және диспечердiң нұсқауы бойынша, өзiңiзге ыңғайлы кеңес уақытын таңдап алыңыз.

Назар аударыңыз! Қызмет Skypeтм (Скайп) арқылы тегiн көрсетiледi, сондықтан Сiзге үйде интернетке шығу мүмкiндiгi және Skypeтм (Скайп) бағдарламасы болуы қажет.

Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеті - мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған отбасыларына психологиялық қолдау көрсету, отбасындағы қолайлы әлеуметік-психологиялық жағдайды, сонымен қатар, физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиялық саулығын қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында мүгедек балалары бар отбасыларына кеңестік көмек беру болып табылады.

Қызмет жұмысы білікті психологтардың қатысуымен «SKYPE» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ол ата-аналарға үйден шықпай-ақ кәсіби психологиялық кеңес алуға мүмкіндік береді.

Мамандардың кеңесін алуға өтініш тәулік бойы 1411 тегін телефон нөмірі бойынша қабылданады.

Онлайн қолдау қызметі жайында толық ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64, кабинет 106, 201, 205, 8(7152)36-36-05, 46-29-01) телефоны бойынша, тұрғылықты жері немесе электронды мекен жайына i-krmu@mail.ru хабарласу арқылы алуға болады.

Мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау Мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау Мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау Мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау

Солтүстiк Қазақстан облысында арнайы және инклюзивтi бiлiм

Бүгiнгi таңда облыста 0-18 аралық жастағы ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар (бұдан әрi — ЕБҚ) 4332 бала, оның iшiнде 1178 мүгедек-бала. Ағымдағы оқу жылында облыстың 295 жалпы бiлiм беру мектебiнде (61%) 1583 ЕБҚ бала (37%) инклюзивтi оқытылады.

Жамбыл ауданында және Петропавл қаласында жалпы бiлiм беру мектептерi жанында ПДК бар балаларға арналған 8 арнайы сынып жұмыс атқаруда. Облыста 2399 баланы қамтитын 88 логопед орталығы жұмыс атқаруда.

2018-2019 оқу жылында жалпы бiлiм беру мектептерi жанындағы балабақшалардың және шағын-орталықтарының жалпы топтарында ЕБҚ бар 459бала инклюзивтi тәрбиесiмен қамтылған.

Облыстың 6 балабақшасында 15 арнайы топ қызмет атқарады, 162 бала.

Облыста 7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты бар, онда 722 бала және 3 психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңес берiледi. Облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында 858 балаға қызмет көрсететiн 15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетi (ППТК) бар.

Оқу үдерiсiн ұйымдастыру үшiн өңiрдегi барлық түзету мектеп-интернаттары сенсорлық бөлмелерi бар, барлық мектептер мен интернаттар Интернетке қосылған компьютерлiк сыныптармен жабдықталған. Интерактивтi тақтамен жабдықталған компьютерлiк техниканы барлық оқытушылар сабақ өткiзу үшiн пайдаланады.

«№ 21 орта мектебi» КММ базасындағы «Болашақ» Корпоративтiк қорының қолдауымен 2018 жылғы 10 қыркүйегiнен бастап инклюзияны қолдау сыныбы жұмысын бастады, бұнда мектепке дейiнгi дайындық сыныбы және 2 сыныптағы аутисттiк шеңберiнiң бұзылуы диагнозы бар балалар психолог-педагогикалық қолдау және түзету алады. Ол үшiн мектеп штатына дефектолог, логопед, психолог және осы балаларды сабақтарда және қосымша жаттығуларда жеке сүйемелдеуi үшiн 7 көмекшi-педагог қабылданды. Қор мамандарымен берiлген сыныптардың педагогтары үшiн оқыту семинарлары өткiзiлдi, қажеттi құрал-жабдықтар сатып алынды.

2018 жылғы 26 желтоқсанда «Д. М. Карбышев атындағы № 40 орта мектеп» КММ ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балалар үшiн инклюзивтi бiлiм берудiң ресурстық орталығын ашылды.

2018-2019 оқу жылында техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң 25 ұйымында мүмкiндiгi шектеулi 106 оқушы оқиды. Мүгедектiгi бар студенттердi оқытуға, оқуға түскенде әлеуметтiк қорғау шарасы ретiнде I-II топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалар мен мүгедек балалар үшiн квотасi (1%) көзделуде. Колледждерде мүгедек студенттер тегiн оқып, стипендия алады. Барлық мұқтаж мүгедектерге жатақханада тұру мүмкiндiгi берiледi. Жаңа оқу жағдайларына бейiмделу процесiнде мүмкiндiгi шектеулi студенттер әлеуметтiк шараларға, байқауларға, конкурстарға және т.б. белсендi қатысады.

506 бiлiм беру мекемесiнде (419 мектепте, 48 балабақшада, 19 колледжде және 20 арнайы ұйымда, қосымша бiлiм беруде) кедергiсiз жағдайлар жасалды. Балабақшаларда және жалпы бiлiм беретiн мектептерде «кедергiсiз» жағдай жасау бойынша бiлiм беру ұйымдарын түгендеу бойынша одан әрi жұмыс жүргiзiлуде.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 10:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.04.2019 09:46

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+