«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

«Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк бос лауазымы —«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ басшысының орынбасары (Д-О-2 санаты) бос орнына басқараманың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурс нәтижесi
(2018 жылғы 30 қазандағы отырыстың № 1 хаттамасы)

«Б» корпусы — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы басшысының орынбасары әкiмшiлiк мемлекеттiк бос лауазымына конкурстық комиссиясына өтiнiш берген кандидаттардың болмауына басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурс өтпедi деп есептелсiн.

2018 жылы 24 қазан

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ

«СҚО әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік қызметшілердің арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орны басқарма басшының жалпы орта білім жөніндегі орынбасары ішкі конкурс жариялайды. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты D-O-2. Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 163232 теңгеден 220697 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері D-О-2 санаты:

Жалпы орта, арнайы және мамандандырылған білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелерін талдау және бағдарлау. Ведомствоға қарасты мекемелердің жұмысына басшылық ету және бақылау жасау, олардың басшылық ету құрамы бойынша ұсыныстар енгізу. Жалпы, орта арнайы білім беру мекемелері, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту, қосымша білім беру, мамандандырылған білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу. Кәмелеттік жасқа толмағандардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері. Қамқоршылық және қорғаншылық, оқумен қамту, тамақтануды ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ету. Аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды оқыту мәселелері. Жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мониторинг және бақылауды жасау. Денсаулық сақтау, БСБД, ЖОО және басқа да мүдделі басқармалар мен қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-әрекет жасау. Кәмелеттік жасқа толмағандардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, білім берудің мазмұны және сапасы жөніндегі жұмыс бөлімдеріне, ұйымдастыру және ақпараттық-жинақтау жұмысы бөлімдеріне, білім беру саласында әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығына, ОПМПТ жетекшілік ету. Білім беру саласында мемлекет саясатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Білім деңгейі бойынша жоғары: «білім» бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін: Қазақстан-2050 Стратегиясын, «Білім туралы», «Баланың құқығы туралы», «Отбасы үлгідегі балалар ауылы», «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-түзету педагогикалық қолдау көрсету» ҚР заңдарын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР Салық Кодексін, ҚР Бюджеттік Кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы» ҚР Кодексін және басқаларын білу. Жалпы орта, арнайы білім беру ұйымдарының жұмысын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшелігін білгені жөн.

Ішкі конкурс Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидат, бір әңгімелесуден өтеді, әңгімелесу барысында оған бос лауазым үшін сұрақтар қойылады, және конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазады. Эссе жазу уақыты 45 минуттан аспауы қажет.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына сарапшылар және байқаушылардың қатысуына рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысушылар және кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссияның шешіміне шағымдана алады.

Жалып конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 601 каб. немесе uosko@sko.kz электрондық почтасы арқылы 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Анықтамаларды телефон, факс: 8(7152)465135 арқылы алуға болады.

Қосымша (DOC 36 Kb)

«Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк бос лауазымы —
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мониторингі бөлiмi басшысының (Д-О-3 санаты) бос орнына басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесi
(2018 жылғы 25 тамыздағы отырыстың № 3 хаттамасы)

«Б» корпусы — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мониторингі бөлiмiнiң басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк бос лауазымына комиссияның оң шешімін алған кандидаттардың болмауына байланысты басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өтпеді деп есептелсін.

«Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк уақытша бос лауазымы —
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ
мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру және мониторингi
бөлiм басшысының (Д-О-3 санаты) бос орнына сұхбаттасуға жiберiлген
кандидаттар тiзiмi
(2018 ж. 24 тамыздағы № 1 хаттама)

Чугунова Ирина Владимировна

Гарцун Евгений Викторович

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ

17 тамыз 2018 ж.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына білім басқармасының мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды:

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мониторингі бөлімі бөлім басшысы 1 бірлік. Әкімшілік мемлекеттік лауазымның санаты D-О-3. Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімге жалпы басшылық ету. Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтір регламенттерінің жобасын әзірлейді. Аудандық, Петропавл қалалық білім бөлімдері, облыстық білім мекемелері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің мониторингі. Облыстың білім мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Басқарманың ресми сайтында білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналастырады. Мемлекеттік қызметтер көрсету процессін оңайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқолық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағадаларына сәйкесмемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді. Уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпаратты ұсынады. Білім мекемелермен мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есепті уақтылы және сапалы беруді қалыптастырады және оларды жинауды, талдауды жүзеге асырады. Бөлімнің құзыреті шеңберінде облыстық білім беру мекемелеріне, аудандық және Петропавл қалалық білім бөлімдеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді қалымтастырады. Білім басқармасының ресми сайтында материалдарды даярлау және орналастыру. Ведомстволық мұрағатқа істерді тапсыруды бақылайды.ҚР Президентінің Өкімін, ҚР Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, басқарма басшысының, басқарма басшысы орынбасарын тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «құқық» немесе «білім» бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілгенәкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім;

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктерілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылардың қатысуына рұқсат етіледі. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Жалып конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 601 каб. немесе uosko@sko.kz электрондық почтасы арқылы 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Анықтамаларды телефон, факс: 8(7152) 465135 арқылы алуға болады.

Қосымша (DOC 21 Kb)

Мұрағат 2017-2016 жж. (ZIP 156 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.05.2018 12:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2018 16:03

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+