«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ТжКБ білім ұйымдарының жатақханалары бойынша мәлімет

Солтүстiк Қазақстан облысында 25 колледжде 20 жатақхана, оның iшiнде Петропавл қаласы аумағында 7, ауылдық жерде 13 жатақхана орналасқан. 2 колледжде (Айыртау ауылшаруашылық және Ж. Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледждерде) 2 жатақхана жұмыс iстейдi. Гуманитарлық-техникалық колледжде бiр жеке жатақхана бар.

20 колледж жатақханаларының жобалық қуаты 3 690 орынды қамтиды, оның iшiнде 235 жеке Гуманитарлық және техникалық колледжде. Жатақхана орындарымен 2198 бiлiм алушы қамтылған (жеке колледжде — 151 студент). Жатақхана орындарын қажет ететiндер — 853 адам.

Жатақханадағы орындар колледж iшiлiк бұйрықтарына сәйкес бөлiнедi. Әр оқу орнында директордың төрағалығымен комиссиялар құрылған, комиссия құрамына қамқоршылық кеңес және студенттiк кеңес өкiлдерi енедi. Жатақхана орындарын бөлу кезiнде студенттердiң әлеуметтiк статусы ескерiледi. Алдымен жетiм және аз қамтылған отбасылардың студенттерi жатақханада орындарымен қамтамасыз етiледi.

Жатақханаларда тұратын студенттердiң тұрмысы, өздiгiнен дайындалу, бос уақытын өткiзуге қажеттi барлық жағдайлар жасалған.

Бiлiм беру ұйымдары мен жатақханаларда 111 Бiрыңғай байланыс орталығы туралы ақпарат орналастырылды, сонымен қатар сенiм телефондары, көрнекi және визуалды ақпараттық стендтер, сондай-ақ қиын өмiрлiк жағдайдағы балаларға қолдау мен көмек көрсететiн қызметтер туралы ақпарат орналастырылған.

Жатақханаларда тәулiк бойы кезекшiлiк ұйымдастырылған, бақылау-өткiзу пункттерi жүйесi бар.

Жатақханалар iшкi және сыртқы бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап «Новоишимка аграрлы-техникалық колледжi» КММ колледж студенттерiне арналған жатақхананы «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғ. Мүсiрепов ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ жалдауда. Қазақ мектеп-интернатының ғимаратында екiншi қабаттағы бiр қанат жалға алынған. Жатақхана 50 орынға арналған. Колледж студенттерi үшiн тегiн.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2019 жылы облыстағы студент жастардың өмiр сүру жағдайын жақсарту жөнiндегi бес әлеуметтiк бастамасын iске асыру аясында қалада ТжКБ студенттерiне 732 орындық 3 жатақхана салу жоспарланған.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 17:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.11.2019 16:23

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+