«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҰБТ туралы мәліметтер

2019 жылы Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу туралы

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Сонымен қатар, оқуға түсушiлерге көмек ретiнде бiрқатар жаңалықтар қарастырылған.

2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет ақылы негiзде өткiзiледi. Тестiлеу мерзiмдерi: 15-20 қаңтар, 24-29 наурыз, 20 маусым — 5 шiлде, 17-20 тамыз. Өтiнiштердi қабылдау мерзiмдерi: 1-15 желтоқсан; 1-15 ақпан; 10 наурыз — 10 мамыр, 10 мамыр — 5 маусым; 25 шiлде — 3 тамыз. ҰБТ-ны өткiзу құны — 2242 теңге.

Бұл ретте бiлiм беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшiн оқуға түсушiлер маусым-шiлде айларында өтетiн ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

(Мектеп бiтiретiн оқушы қаңтар және наурыз айында өтетiн ҰБТ-ға қатысқаннан кейiн маусым айында өтетiн ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын тағайындау Конкурсына қатысу мүмкiндiгiнен айырылмайды!)

Сондай-ақ ағылшын тiлiн меңгергендiгiн растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғаларды «Шет тiлi» пәнi бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгiзiледi.

2019 жылдан бастап бiлiм гранттары бiлiм беру бағдарламаларының топтары бойынша берiлетiн болады. Бiлiм беру бағдарламаларының тобына бiрнеше бiлiм беру бағдарламалары кiредi. Жоғары оқу орнына қабылдау кезiнде оқуға түсушiлер одан әрi оқу үшiн нақты бiлiм беру бағдарламасын таңдайды.

 

2018 жылғы 21-23 маусым аралығында Солтүстiк Қазақстан облысында Ұлттық бiрiңғай тестiлеу өттi.

Ұлттық Бiрыңғай тестiлеуге 2428 түлек қатысты. Қатысу пайызы 62,35%. ҰБТ-ны 1050 бала (43%) қазақ тiлiнде, 1378 бала (57%) орыс тiлiнде тапсырды.

Облыс бойынша ҰБТ-ның орташа балы 78 балды құрады.

Жоғарғы оқу орнына түсу үшiн қажеттi балды 2043 түлек (84%) жинады.

Шектi 50 балды — 2256 түлек (93%) жинады.

Шектi 50 балды 172 түлек жинай алмады (7%).

Ағымдағы жылы шектi деңгейден өте алмаған мектеп бiтiрушiлер, 2018 жылы тамыз және 2019 жылдың қаңтар айында ақылы бiлiм алу негiзiне түсу мақсатымен қайтадан ҰБТ тапсыру мүмкiндiгi сақталады

Облыс бойынша ең жоғарғы 135 балды «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Бiлiм-Инновация» лицей-интернаты» КММ түлегi Меркеш Рауан алды.

«Алтын белгi» белгiсiнiң иегерлерi 130 адам.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 10:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.03.2019 18:48

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+