«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сауықтыру лагерлері туралы мәліметтер

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi отырысының Солтүстiк Қазақстан облысындағы 2017 жылғы жазғы демалыс кезiнде балалардың жазғы демалысын, ойын-сауық және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру сұрақтары бойынша анықтама

Бiлiм алушылардың жазғы демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру келесi құжаттармен реттелдi:

  1. ҚР «Бiлiм туралы», «ҚР балалар құқығы туралы» заңдарымен;
  2. «2016-2019 жылдардағы ҚР бiлiм берудi және ғылымды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын қабылдау туралы» ҚР Президентiнiң жарлығымен;
  3. «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңiнде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» ҚР Премьер-Министрiнiң өкiмiмен;
  4. 2016-2018 жылдардағы демалыс кезiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң туризмiн, балалардың жұмыспен қамтылуын және сауықтыру демалысын дамытудың ведомствоаралық Жол картасымен,
  5. ҚР бiлiм және ғылым вице-министрiнiң бекiтуiмен 2017 жылдың жазғы демалыс кезiнде балалардың сауықтыру демалысын, ойын-сауық және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша iс-шара жоспарымен;
  6. «2016-2019 жылдардың жазғы демалыс кезiнде балалардың сауықтыру демалысын, ойын-сауық және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру туралы» СҚО әкiмiнiң қаулысымен;
  7. 2017 жылдың 15 наурызынан СҚО әкiмдiгi бiлiм басқармасының бұйрығымен;
  8. 2017 жылдың жазғы демалыс кезiнде балалардың сауықтыру демалысын, ойын-сауық және жұмыспен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру бойынша iс-шара жоспарымен;
  9. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасының мақаласымен.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшiн 2017 жылы бюджеттен 364,9 млн. теңге қарастырылған (2016 жылы — 368,8 млн. теңге), соның iшiнде ағымдағы жөндеу мен сауықтыру лагерлерiн қамтамасыз ету үшiн — 106,7 млн. теңге, лагерлердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға — 13,9 млн. теңге, тегiн сауығуды қажет ететiн балаларға арналған жолдамаларды сатып алуға бюджеттен — 57,8 млн. теңге бөлiндi, жалақы — 149,1 млн. теңге, қаржыландыруға тартылған қаражат — 37,4 млн. теңге.

1. Қала сыртындағы лагерлерде жазғы демалысты ұйымдастыру

Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында 20 жазғы сауықтыру лагер орналасқан, оның iшiнде 3-i Ақмола облысына қарасты (ЧАЙКА, СОКОЛ, САЛТАНАТ), 2-i — «АйыртауСтройТранс» ЖШС (ЗАРЯ, КАРЛЫГАШ), 1 лагерь (Тайынша ауданы) Ақмола облысының аумағында орналасқан. Биыл облыс аумағында 1935 баланы бiр ауысымда қамтитын 15 жазғы сауықтыру лагерлерi жұмыс iстейдi. Екiншi жыл қатарынан Тимирязев ауданындағы лагерь шипажай мен сауықтыру нысандарынан қажет ететiн санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сәйкес келмеуiне байланысты жұмыс iстемейдi. Уәлиханов және Ақжар аудандарында лагерлер жоқ.

Сауықтыру лагерьлерiнiң жолдама құны 12 мыңнан 20 мың теңгеге дейiн құрайды.

Айыртау ауданының 5 сауықтыру лагерлерiнiң iшiнен «Көкшетау қаласының бiлiм бөлiмi жанындағы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК орналасқан «Сокол» және «Чайка» сауықтыру лагерлерiнде бюджет қаражатынан аз қамтылғандар отбасынан шыққан 350 бала және Айыртау ауданының басқа да категорияларында бiлiм алатын 600 бала сауығатын болады.

Спортта дарынды балаларға арналған «Салтанат» сауықтыру-қалпына келу орталығында, Астана қаласының Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» РММ жыл сайын республикалық олимпиадалық резерв мектебiнiң балалары мен жасөспiрiмдерi демалады.

«Айыртаустройтранс» ЖШС-на тиесiлi «Заря» және «Қарлығаш» балаларға арналған сауықтыру лагерлерi күрделi жөндеуден өтпегендiктен жұмыс iстемейдi.

Аз қамтылған отбасы балаларын қамту — 7789 баланы құрайды, оның iшiнде мектеп жанындағы лагерьлерде — 4322 бала, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерiнде — 3467 бала.

326 оқушы жетiм балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санаттарынан жазғы демалыстарын қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде өткiзетiн болады. Соколовка, Шөптiкөл түзету мектеп-интернаттардың, Петропавл қаласының балалар үйiнiң, Отбасылық үлгiдегi балалар ауылының жетiм балалары қала сыртындағы 3 сауықтыру лагерiнде демалыспен қамтамасыз етiлетiн болады. Айыртау балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi жазғы демалыстарын мектеп жанындағы сауықтыру лагерiнде өткiзедi және Шалқар көлiне барады.

Сауықтыру лагерьлерiнде жазғы демалысты ұйымдастыру үшiн «Өрлеу» БАҰО АҚ 24 сағаттық (3 күндiк) нормативтiк талаптарды таныстырумен дайындықтан өткен 815 педагогикалық қызмет жұмыс iстейтiн болады. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 19 наурыздағы № 233 бұйрығымен бекiтiлген «Санаторлық және сауықтыру нысандарына санитарлық эпидемиологиялық талап» санитарлық ережелерiне сәйкес лагерьлерде жұмыстар жүргiзiлуде.

2017 жылдың 12 мамырында Бiлiм басқармасы IIД (iшкi iстер департаментi), ТЖД (төтенше жағдайлар департаментi) СҚО қоғамдық денсаулықты сақтау департаментiнiң қатысуымен жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша семинар өткiзiледi.

Сауықтыру лагерьлерiнде келiсiм бойынша 13 орталық аудандық ауруханалар және 2 қалалық денсаулық сақтау мекемелерiмен медициналық қызмет көрсету бойынша шарт жасалады.

Iшкi iстер органдары қызметкерлерi тарапынан келiсiм бойынша жазғы сауықтыру лагерьлерiнде балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында тәулiк бойы кезекшiлiк жүзеге асырылатын болады.

«Санаторлық және сауықтыру нысандарына санитарлық эпидемиологиялық талап» санитарлық ережесi талаптарына сәйкес барлық сауықтыру лагерьлерiнде су орталық құбырларынан және терең скважиналардан қолданылатын болады.

Душтық кабиналар барлық сауықтыру лагерьлерiнде бар, 11 лагерьде монша бар (4 сауықтыру лагерiнде Аққайың ауданы «Оқжетпес», Мамлют ауданының «Искра», Шал акын ауданының «Аю-Тас», Петропавл қаласының «Достық» лагерьлерiнде монша кешенi жоқ, қызмет көрсетуге келiсiм жасалады).

Iс-шараларға байланысты барлық қала сыртындағы лагерьлерде өртке қарсы дабылдар бар, өрт сөндiретiн және басқа да құралдар саны жеткiлiктi, кестеге сәйкес келесi жұмыстар жүргiзiледi: шатыр қабаттарын отқа төзiмдiлiгiн өңдеу, аумақтарды минералданған жолақпен белгiлеу, жұмсақ инвентарьларды термоөңдеу және маңындағы алаңдарды дезинфекциялау және басқа жұмыстар 25 мамырға дейiн жүргiзiлетiн болады.

Барлық қала сыртындағы лагерьлерде 5 мезгiл тамақтануды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сауықтыру лагерьлерiндегi тамақтану құны орта шамамен 1200 теңгенi құрайтын болады.

Ағымдағы жылдың 1 және 5 маусым аралығында аудан әкiмдерi, Петропавл қаласы әкiмiнiң басшылығымен ведомствоаралық комиссия тарапынан барлық сауықтыру лагерьлерiн қабылдау жүзеге асырылады. (өрт қауiпсiздiгi құралдарымен қамтамасыз етiлуi, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы).

2017 жылдың жазғы маусымдардың ашылуы 2017 жылдың 5 маусымында ашылады деп жоспарлануда. Сауықтыру лагерiне оқушылардың қабылдануы және орналасуы сыртқы ауаның орташа тәулiктiк температурасы бес күн iшiнде 16 градус жылылықтан төмен болмаған жағдайда рұқсат етiледi.

2. Мектеп жанындағы лагерьлердi ұйымдастыру

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде (511) 36 824 оқушыны (56,2%) тамақпен қамтылған мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерi қызмет жасайды. Мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерiнде кiшi мектеп жасындағы оқушыларға толық күнi бойы, ұйқымен бiрге демалыс ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы «Тiл туралы» Заңын жүзеге асыру және бiлiм беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру мақсатында барлық сауықтыру лагерлерiнде, сонымен бiрге алаңдарда жазғы мезгiлде қазақ тiлiн оқыту мектептерi, ағылшын тiлiн ерте жастан оқыту, көшбасшы белсендiлерi, «Жас ұлан» мүшелерiнiң жазғы мектептерi өз қызметiн атқарады.

Iс-шаралар мазмұны рухани құндылықтар, ұлттық-мәдени дәстүрлердi нығайту мен ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, конфессияаралық және этникалық толеранттылықты қамтамасыздандыру, «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесi, Астана күнi, ҚР мемлекеттiк рәмiздер күнi, Қазақстан Республикасы Ата Заңын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға бағытталды.

3. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында экскурсиялық лагерьлер мен мектеп туризмiн ұйымдастыру

Мектеп жанындағы лагерьлердiң iс-шаралары жоспарларына «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесiне арналған, өлкемiздiң көрiктi жерлерi мен мұражайларын аралау енгiзiлген. «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесiне жазғы кезеңде облыстық бюджет қаражаты есебiнен аз қамтылған отбасылар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетiм балаларды, яғни 1250 бала жiберу жоспарланып отыр.

Жазғы сауықтыру шараларының негiзгi мiндеттерiне сәйкес, қосымша бiлiм беру ұйымдарының (80 бiрлiк) өкiлдерi қала сыртындағы және мектеп жанындағы алаңдарда секциялық және үйiрме жұмыстарын жалғастырады.

Ағымдағы жылы мектеп туризмi мен өлкетану жұмыстары аясында Ғ.Мүсiрепов атындағы, Қызылжар, Айыртау, Ақжар аудандарында шатырлы лагерьлер ашылады. Басқа аудандарда туған өлкеге экскурсиялық жорықтар ұйымдастырылады.

Жоспарланған iс-шаралар салауатты өмiр салтын қалыптастыру және жазғы демалыс кезеңiнде балалардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрлiгiнiң мемлекттiк тапсырыс жолдамасы аясында Республикалық бюджет қаражаты есебiнен Солтүстiк Қазақстан облысына «БАЛДӘУРЕН» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына — 224, «БӨБЕК» ұлттық ғылыми-практикалық, бiлiм беру және сауықтыру орталығы» РМҚК — 80 жолдамалар бөлiндi. Аз қамтылған отбасынан шыққан 750 бала жыл бойы «Солнечный» балалар шипажайында қосымша демалыс алады және сауықтандырылады.

Осы жылы елiмiздiң Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын iске асыру мақсатында ата-аналар есебiнен Алматы, Астана, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстарының тарихи жерлерiне 5-10 күндiк туристiк, экскурсиялық, оқу-танымдық, сауықтандыру саяхат жасау жұмыстарын алғаш ұйымдастырылғалы отыр. Ол үшiн Петропавл қаласының Global-tour, Прогресс, City-Travel, Турист туроператорлары шақырылды. Олар бүгiнгi күнi саяхаттың жүру маршруттарын жасап жатыр. Саяхат жасау барысында ата-аналардың пiкiрi мен тiлектерi ескерiледi және ата-аналар өкiлiнiң қатысуымен ұйымдастырылады. Балалардың денсаулығы мен өмiр қауiпсiздiгiн сақтау шаралары да қарастырылады.

Шығыс Қазақстан облысы Бiлiм басқармасының келiсiмiмен алғашқы сапар 5 маусым күнi Шығыс Қазақстан облысына жоспарлануда. Сонымен қатар аталған облыс балаларын өз облымыздың тарихи жерлерiн аралау үшiн қабылдаймыз. 15 маусым күнi 2 топ (30 адам) Маңғыстау қаласына бару ұйымдастырылады.

Ресей Федерациясымен шекарааралық ынтымақтастық аясында ата-аналардың пiкiрлерiн ескере отырып, Омбы, Екатеринбург, Санкт- Петербург, Москва қалаларына саяхат ұйымдастырылады.

2017 жылы жазғы демалыс түрлерiне 60 765 оқушыны тарту жоспарланып, немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы 93 пайызын қамту көзделiп отыр. (2016 жылы 61 760 немесе 92 пайыз)

Ағымдағы жылда 1-10 сынып оқушыларының контингентi 65 448 оқушыны құрайды. (2016 ж. — 66 443)

Қазiргi таңда облыс әкiмiмен бекiтiлген СҚО сатып алу құқығынсыз сенiммен басқару коммуналдық жеке меншiк ұйымдарына аудару кестесiне сәйкес 8 сауықтандыру лагерiн тапсыру үдерiсi жүргiзiлiп жатыр.

  1. Аққайың ауданы «Оқжетпес»
  2. М. Жұмабаев ауданы «Березка»
  3. Есiл ауданы «Родник»
  4. Жамбыл ауданы «Лесная поляна»
  5. Қызылжар ауданы «Серебрянный бор»
  6. Мамлют ауданы «Искра»
  7. Тайынша ауданы «Арман»
  8. Шал ақын ауданы «Аю-тас»

Қазiргi таңда сатып алу құқығынсыз сенiмдi басқаруға табыс ету бойынша аудан әкiмдерiнiң 7 қаулысы (Аққайың ауданынан басқа (демалыс лагерi «Оқжетпес» бойынша құқықорнату құжаттарына сәйкес жұмыстар жүргiзiлуде) қабылданды, конкурс жүрiп жатыр. Бұл жұмыстар дайындық iс шараларының негiзгi бағыттарымен қатар жүргiзiлуде. Жазғы мерзiмде балалардың денсаулығын нығайту және қамтамасыз ету жұмыстарының ұйымдастырылуы бойынша қорытынды осы жылғы тамыз айында, әкiм отырысында баяндалады.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 14:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.05.2018 14:37

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+