«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Білім беру сапасын арттыру

20.07.2018 ж.

Жоба

2018-2019 оқу жылына арналған
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға арналған мемлекеттiк
бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы

«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған 2018-2019 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бекiтiлсiн.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қамтамасыз етсiн:

  1. осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркеудi;
  2. осы әкiмдiк қаулысын мемлекеттiк тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мемлекеттiк және орыс тiлiндегi қағаз және электрондық түрдегi көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының филиалы — Солтүстiк Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн жолдауды;
  3. осы қаулыны ресми жариялағаннан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелер жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысының
әкiмi Қ. Ақсақалов

Қосымша (ZIP 18 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.05.2018 12:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.07.2018 10:18

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+