«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

НҚА жобалары

«Балаларға қосымша білім беру және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (ZIP 15 Kb)

«Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (ZIP 108 Kb)

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы (жоба) (ZIP 103 Kb)

«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 28 наурыздағы №88 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы жоба (ZIP 16 Kb)

«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (ZIP 47 Kb)

2019-2020 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы (жоба) (ZIP 86 Kb)

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (жоба) (ZIP 77 Kb)

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (жоба) (ZIP 50 Kb)

«Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (жоба) (ZIP 61 Kb)

«Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (жоба) (ZIP 50 Kb)

«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (жоба) (ZIP 50 Kb)

«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы (жоба) (ZIP 46 Kb)

«Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасына
пресс-релиз

«Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің осы қаулысымен 3 мемлекеттік қызмет регламенті бекітіледі:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
  2. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»;
  3. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».

1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  2. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды, қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсетуде орындалу ұзақтығы:

күндізгі және кешкі оқыту нысанына — 30 тамыздан кешіктірмей;

бірінші сыныпқа — 1 маусым мен 30 тамыз аралығында.

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде-қолхат алу үшін бес жұмыс күні;

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және оқу жылының басына орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығару.

2. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  2. www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде — 15 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме болып табылады.

3. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап — 15 жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру болып табылады.

Жоба

Орта бiлiм беру саласындағы
жергiлiктi атқарушы органдармен
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер
регламенттерiн бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бекiтiлсiн:

1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

3) Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi.

2. «Орта бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 маусымдағы №232 қаулысының (2016 жылғы 29 шiлдеде «Әдiлет» Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 3829 болып тiркелдi) күшi жойылды деп танылсын.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қамтамасыз етсiн:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы әкiмдiк қаулысын мемлекеттiк тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мемлекеттiк және орыс тiлiндегi қағаз және электрондық түрдегi көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының филиалы — Солтүстiк Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне қосу үшiн жолдауды;

3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелер жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Қ. Ақсақалов

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (ZIP 217 Kb)

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (ZIP 83 Kb)

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (ZIP 132 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 22.05.2018 12:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2019 15:51

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+