«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Кәсіптік бағдарлау жұмысы

ТжКБ ұйымдарында үгiт-насихаттау жұмысы келесi бағыттар бойынша жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады:

  • қала мектептерiнiң түлектерiмен кездесулер;
  • колледждерде экскурсия өткiзу;
  • тағайындалған аудандар бойынша ЦӘК оқытушыларымен үгiт-насихаттау жұмыстарын жүргiзу
  • әр оқытушының жеке үгiт-насихат жұмысын жүргiзу;
  • мектептерде ата-аналар жиналыстарында ақпарат беру;
  • үгiт-насихаттау топтарының аудандардар бойынша жұмыс жүргiзу;
  • «Талапкер» операциясы.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Петропавл қаласындағы барлық мектептерде №1, 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 16, 20, 21, 23, 24, 26, 32, 40, 41, 42, 43, 44, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты, С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия, М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжiнiң лицей, «Дарын» мектеп-лицейi, Әл-Фараби атындағы қазақ мектеп-гимназиясы кәсiптiк бағдар беру (үгiт-насихаттау) жұмыстары жүргiзiлдi.

Колледж оқытушылары мектеп әкiмшiлiктерiмен, 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесiп, оқушыларды келесi оқу жылына мамандықтарымен таныстырып, қабылдау ережелерi, ТжКБ бiлiм ұйымдарының тарихы, жетiстiктерi, оқу жұмысы туралы мәлiмет бердi.

Жұмыс барысында колледждерге оқуға түскiсi келетiндердiң (алдын ала) тiзiмi жасалды.

Петропавл қаласының бiлiм бөлiмi өткiзген кәсiптiк бағдарлау науқанында насихаттау командасымен М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжi үгiт-насихаттау орталығының жетекшiсiнiң қатысуы.

Мереке күндерi және диплом алды практика барысында М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждiң студенттерi қатысқан «Талапкер» операциясы өткiзiлдi.

Ағымдағы жылдың наурыз айында жастар арасында кәсiптiк мамандықтарды насихаттау мақсатында Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк оқыту және қызмет көрсету колледжiнде қала кәсiпорындардың мамандарын, оның iшiнде бұрынғы колледж түлектерiн шақыртумен«Шаштараз өнерi және сәндiк косметикасы», «Тiгiн өндiрiсi және киiмдi үлгiлеу», «Шаштараз және сәндiк косметика», «Аяқ киiм iсi» мамандықтарының декадалары өткiзiлдi.

Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында «Ж. Қизатов атындағы Есiл ауылшаруашылық колледжi» КМҚК оқытушылары Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарына кәсiптiк бағдар беру мақсатында сапар жасады. Оңтүстiк Қазақстан облысында 1438 оқушыны қамтитын 23 мектептерде кездесулер өткiщiлдi. Қызылорда облысында тыңдаушы оқушлар саны 1649 адамды құрады.

«Кәсiби өзiн-өзi анықтауға дайындық — оқушылардың психологиялық-педагогикалық қолдаудың заманауи ресурстары» тақырыбындағы семинарға қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының қатысуы.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Гуманитарлық-техникалық колледжде 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандығы бойынша үздiк» конкурсы өткiзiлдi, iс-шараға 500-ден астам студент қатысты.

Колледждiң мамандықтары, материалдық-техникалық жабдықталуы туралы колледждiң туралы түсiнiк қалыптастыру және мектеп оқушыларына кәсiби бағдар берудi қамтамасыз ету мақсатында барлық облыс колледждерiнде мектеп оқушылары үшiн Ашық есiк күндерi өткiзiлдi.

Iс-шара барысында мектеп оқушыларына колледждер бойынша экскурсиялар, мамандықтар туралы презентациялар, сабаққа қатысу, студенттердiң кәсiби артықшылықтарын анықтау бойынша сауалнамаларды өткiзу, үздiк колледж бiтiрушiлерiмен және әлеуметтiк әрiптестермен таныстыратын видеороликтердi көрсетудi қамтитын бағдарлама ұсынды.

Колледж қызметi, өткiзiлетiн iс-шаралар, 2018-2019 оқу жылындағы мамандықтар, оқуға қабылдау туралы ақпарат колледждердiң веб-сайттарында, «ВК», «Instagram» әлеуметтiк желiлерiнде және басқа да интернет-ресурстарында, бұқаралық ақпарат құралдарында («Караван», «Проспект С.К.», «Солтүстiк Қазақстан», «Северный Қазақстан» газеттерi және т.б.) хабарландыруды жариялау арқылы орналастырылды..

2018 жылдың қаңтар айынан бастап облыстың барлық аудандарында және Петропавлда 10 мыңнан астам студенттi қамтитын үгiт-насихаттау жұмыстары жүргiзiлдi.

Кәсіптік бағдарлау жұмысыКәсіптік бағдарлау жұмысыКәсіптік бағдарлау жұмысы

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 17:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.12.2018 18:25

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+