«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жол жүру ережесі туралы

Балалар жарақатының алдын алу бойынша ақпарат

Бiздiң қаланың (және жалпы облыстың) көшелерi мен жолдары бойынша көлiктiң белсендi қозғалысы жағдайында жыл сайын балалар мен жасөспiрiмдердiң қатысуымен қайғылы оқиғалар тiркеледi.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрiнiң 2011 жылғы 3 мамырдағы № 225 бұйрығымен бекiтiлген 2011-2020 жылдарға арналған жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және жарақтың алдын алу бойынша онжылдық әрекеттердi iске асыру iс-шараларының Ұлттық жоспары (келесiде — Ұлттық жоспар )құрылды.

Ұлттық жоспардың 8-тармағын орындауда 1 қыркүйектен бастап 10 қыркүйекке дейiн жол-көлiк жарақаттың алдын-алу бойынша кең көлемдi акциялар өткiзу жоспарланған («Назар аударыңыз, бағдаршам!» мектеп оқушылары арасында жол-көлiк жарақаттың алдын алу онкүндiгi»).

Ұлттық жоспардың 19 және 21 тармақтарына сәйкес бiлiм органдары, iшкi iстер органдарымен «Назар аударыныз балалар!», «Автобус», «Қауiпсiз жол» жедел — алдын алу шаралары; «Қауiпсiз дөңғалақ», «Қызыл, сары, жасыл» тақырыбына шығармалар, балалар суретiнiң конкурстары ұйымдастырылып өткiзiлдi.

Жол жүру ережелерiн оқыту жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында сынып жетекшiсi, еңбек мұғалiмiмен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 1–8 сыныптарға жол жүру ережесiнiң үлгiлiк оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жол жүру ережесi бойынша сабақ 1-8 сыныпта өткiзiледi, онда жол қозғалысы қауiпсiздiгi мен бiрiншi медициналық көмек көрсету тақырыбы қаралады.

Жол жүру ережелерiн оқу үшiн 1–4 сыныпқа жылына әр сыныпқа 18 сағат бөлiнедi, ал 5–8 сыныпта — әр сыныпқа 14 сағат.

ЖЖЕ бойынша сабақ арнайы жабдықталған кабинетте немесе арнайы автоалаңда (мектеп алаңында, дене шынықтыру залында) оқу-көрнекi құралдарын, құрылғы және балалар көлiк құралдарын пайдалана отырып жүргiзiледi.

Әр сабақтан кейiн бақылау сұрақтары бойынша оқушының жол жүру ережесi бiлiмiне тексеру өткiзiледi. .

Балаларды жолдарда қауiпсiз жүру ережелерiне үйрету, өсiп келе жатқан ұрпақты құқықтық мәдениетке тәрбиелеу мақсатымен мектептерде «Балаларға — қауiпсiз жолдар» сурет конкурстары, 0–4 сынып оқушыларымен ЖҚЕ бiлiмiне ойындар, ал 5–7 сынып оқушыларымен «Жол қозғалысы ережесiн қадағала» тақырыбына ребустар мен сөзжұмбақтар конкурстары өткiзiлдi, 0-сыныпта «Жол жүрушi әлiппесi» секiлдi тақырыпта мультфильмдер көрсетiлдi, балалар оларды қызығушылықпен қарады.

Балалар жол-көлiк жарақатының алдын алу, жол жүру ережесiн насихаттау мақсатында жыл сайын 25 мамырға дейiн аудандық, Петропавл қаласында «Қауiпсiз доңғалақ» БЖЖ жарыстар өткiзiледi.

Қызылжар ауданында «Серебряный бор» сауықтыру лагерь базасында «2014 — қауiпсiз доңғалақ» қозғалысы жас инспекторлардың 23 жыл сайынғы облыстық жарыс ұйымдастырылды, оған аудандық және қалалық жарыстардың жеңiмпаз 14 командасы қатысты. Ең қиын конкурстардың бiрi «Фигуралық жүру», онда велошабандоздар кедергiнi өтiп қана қоймай, қолында стаканды ұстай отыра «сегiздiктi» жасай отырып өту керек.

Жарыс насихаттау бригада конкурсымен аяқталды, онда команда жол жүрiу ережесi туралы тақпақ, өлеңдер мен таетрланған қойылымдар көрсеттi.

Үй-жайда жекелеген қатысушылар келесi атақпен атап өтiлдi: «Үздiк командир», «Жас реттеушi» және «Үздiк эрудит».Барлық номинанттар «Нұрсан» және «Сентрасиншуранс»ЖШС сақтандыру компанияларынан Щучинск қ. республикалық «Балдәурен» сауықтыру лагерьiне жолдама алды. Жас қозғалыс инспекторлары оқу жылы iшiнде мектептерде жол жүру ережесi бiлiмiне педагогтармен берлесiп алдын алу шараларын өткiзедi.

Облыста 1–10 қарашада «Назар аударыңыз — бағдаршам!» республикалық акциясы басталды. Бұл акцияның барысында мектептiң барлық сыныптарында қауiпсiз жол қозғалысы сұрақтары бойынша сынып сағаттары, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен әңгiмелесулер өткiзiлдi. Мектеп оқушылары «Назар аударыңыз — бағдаршам!» акциясына белсендi қатысты.

Балалар мен жасөспiрiмдердiң жол қозғалысы бұзушылықтарын алдын алу және жолын кесу бойынша тиiмдi жұмысты көтеру, олармен жеке алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында мектептерде 2014–2015 оқу жылына балалар жол жарақатын алдын алуға бағытталған iс-шаралар жоспарлары әзiрленiп құрылды.

Педагогикалық кеңестерде оқу жылының басында мектеп ұжымымен жол-көлiк жарақаттың алдын алу бойынша нұсқаулық өткiзiлдi.

Сынып жетекшiлерi ата-аналар, сонымен қатар балалармен жолдар мен көшелерде қауiпсiз жүрудiң барлық нормасы мен ереженi сақтау қажеттiлiгi туралы түсiндiрме жұмысын өткiздi.

Мектептерде кiтапша-оқу құралдары мен пәндiк бағдар беретiн плакаттар бар, олар жүйелi түрде қарастырылады.

Ағымдағы жылдың 9 айына облыс аумағында 225 ЖКО болған, онда 41 адам қайтыс болды және 289 адам жарақт алған.

9 ай iшiнде балалардың қатысуымен 37 ЖКО (2013жылы — 48), нәтижесiнде 2 (2013 жыл — 3) қайтыс болды және 42 (2013 жылыд — 44) бала жарақат алды.

Бiлiм басқармасымен ЖКО ай сайын мониторинг жүргiзедi, оның қатысушылары балалар, хабарламалар аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiне балалар жол жарақатын ескеру бойынша алдын алу жұмыстарын өткiзу мен шаралар қабылдау үшiн жолданады.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 14:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.05.2018 14:39

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+