«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Өңiрлiк кеңес қызметiн жүзеге асыру тәртiбi

6. Өңiрлiк кеңестi төраға — «Солтүстiк Қазақстан облысының Бiлiм басқармасы» КММ бiлiм басқармасының басшысы басқарады, ол оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарында төрағалық етедi және оның жұмыс жоспарын бекiтедi, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Өңiрлiк кеңес төрағасының орынбасары орындайды.

7. Өңiрлiк кеңес мүшелерi өз қызметiн қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.

8. Өңiрлiк кеңес отырыстары бiр тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Өңiрлiк кеңес шешiмдерi оның отырысына қатысқан Өңiрлiк кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.

9. Өңiрлiк кеңес мүшелерi Өңiрлiк кеңестiң қызметi, қабылданған шешiмдер туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ Өңiрлiк кеңестiң құзыретi шегiнде кез келген мәселелердi талқылауға енгiзе алады.

10. Өңiрлiк кеңес мүшелерi отырыста қаралатын мәселелердi талқылау кезiнде тең құқықтарға ие. Өңiрлiк кеңес шешiмдерi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады, мұнда әрбiр мүшенiң бiр дауыс құқығы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға берген дауыс шешушi болып табылады.

11. Солтүстiк Қазақстан облысының Бiлiм басқармасы Өңiрлiк кеңестiң жұмыс органы (бұдан әрi — Жұмыс органы) болып табылады.

12. Жұмыс органы:

  1. мүшелердi Өңiрлiк кеңес отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етедi;
  2. күн тәртiбiн жасайды;
  3. Өңiрлiк кеңесте қарау үшiн ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Өңiрлiк кеңесте қарау үшiн ұсыныстарды жұмыс органына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар енгiзе алады. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиiс;
  4. Өңiрлiк кеңес шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және үйлестiредi;
  5. Өңiрлiк кеңес қызметiне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестiредi.

13. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Өңiрлiк кеңес отырыстарын өткiзуге дайындықты, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Өңiрлiк кеңес отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Өңiрлiк кеңес хатшысы жүзеге асырады.

Хатшы Өңiрлiк кеңестiң мүшесi болып табылмайды.

14. Өңiрлiк кеңес шешiмi Өңiрлiк кеңес мүшелерi бұрыштама соғатын және оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

4. Өңiрлiк кеңес қызметiн тоқтату

15. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» КММ бастығының бұйрығы Өңiрлiк кеңестiң қызметiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 22.05.2018 14:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.05.2018 14:03

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+