«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Білім басқармасының ережесі

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2016 жылғы
27 қыркүйектегi № 362 қаулысымен
бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

Петропавл қаласы, 2016 жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында бiлiм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Мекеме өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Мекеме мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Мекеменiң құрылымы және штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Мекеменiң орналасқан жерi: 150011 Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.

9. Мекеменiң толық атауы:

мемлекеттiк тiлде: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области».

10. Осы Ереже мекеменiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Мекеменiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Мекемеге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Мекеменiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мекеме заңнамалық актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

13. Мекеме оның қарамағындағы мекемелердi басқаратын орган болып табылады.

2. Мекеменiң миссиясы, негiзгi мақсаттары, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. Мекеменiң миссиясы:

бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, экономиканың тұрақты өсуi үшiн сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жолымен адами капиталды дамыту;

балалардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы адамгершiлiк-рухани басымдықтарды қалыптастыру мәселелерi бойынша ведомствоаралық үйлестiрудiң тиiмдi жүйесiн жасау.

15. Мiндеттер:

ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен тәжiрибенiң табыстары негiзiнде тұлғаны кәсiби қалыптастыруға және дамытуға бағытталған сапалы бiлiмдi алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау;

тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiктiң берiк негiздерiн және салауатты өмiр салтын қалыптастыру, тұлғаның жеке қабiлеттерiн дамытуға жағдайлар жасау жолымен зиятын байытуды үйлестiру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын iске асыруға байланысты шаралар кешенiн жүзеге асыру жөнiндегi жергiлiктi деңгейдегi ведомствоаралық ынтымақтастықты үйлестiру;

жергiлiктi атқарушы органдарға балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, рухани және адамгершiлiк бiлiм алуына, балалардың өзiн-өзi табысты жетiлдiруiне жағдай жасау, балалардың әлеуметтiк бастамаларын қолдау мен ынталандыруға бағытталған тұжырымдамалар, бағдарламалар мен жобаларды iске асыруда жәрдем жасау;

жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруда отбасылық форумдарды насихаттау;

әлеуметтiк жетiмдiк, балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету және қатыгездiкпен қарау, балалар еңбегiнiң ең нашар нысандарының алдын алу және ескерту, өмiрде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, балалардың өмiр сүру сапасын жақсарту үшiн жағдай жасауға жәрдемдесу;

бала құқықтары туралы Конвенция, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға заңды қызығушылықтар мен құқығын қорғау сұрақтары бойынша нормативтiк құқықтық актiлер және басқа да заңнамалар;

азаматшылдықты және отансүйгiштiктi, өз Отаны — Қазақстан Республикасына деген сүйiспеншiлiктi, мемлекеттiк рәмiздерге және мемлекеттiк тiлге деген құрметтi, халықтың салт-дәстүрiн ардақ тұтуды, кез келген конституцияға және қоғамға қарсылық сезiмiн танытуға берiктiктi тәрбиелеудi үйлестiру;

белсендi азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, тұлғаның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы қарым-қатынасын қалыптастыруды үйлестiру ;

отандық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне тарту; қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, ағылшын тiлдерiн меңгерудi үйлестiру;

педагог қызметкерлердiң әлеуметтiк мәртебесiн арттыруды қамтамасыз ету;

бiлiм беру ұйымдарының дербестiгiн және автономдығын кеңейту, басқаруды бiлiммен демократияландыру;

қоғам мен экономика қажеттiлiгiне жауап беретiн бiлiм сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнiң жұмыс iстеуi;

қоғам мен еңбек нарығының өзгермелi қажеттiлiгiне қарай кәсiптiк бiлiмнiң тез бейiмделуiне көмектесетiн кредиттiк, қашықтық, ақпараттық-коммуникациялық оқытудың жаңа технологияларын енгiзу және тиiмдi пайдалануды үйлестрiу;

өмiр бойы еңбек нарағының қажеттiлiгi мен жұмыс орны бойынша және бiлiм мен құзыретiне негiзделген қоғамға өзiнiң жеке әлеуетiн барынша қолдануға көмектесетiн оқыту мен жалпы оқытудың арасында өзара байланысты қамтамасыз ететiн оқыту жүйесiн дамытуды үйлестiру;

бiлiм, ғылым мен өндiрiстi бiрiктiрудi үйлестiру;

оқушының кәсiби уәждемесiн қамтамасыз етудi үйлестiру;

дуальды оқыту шеңберiнде жұмыс берушiлермен және басқа да әлеуметтiк серiктестермен белсендi өзара әрекеттесу жолымен техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң озық дамуы мен жаңаруын қамтамасыз етудi үйлестiру;

мүмкiндiгi шектеулi тұлғалардың бiлiм алуы үшiн арнайы жағдайлар жасау.

16. Функциялар:

облыстың бiлiм беру саласын дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және мәслихаттарға бекiтуге енгiзу және дайындау;

техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi ұсынуды қамтамасыз ету;

арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша балаларды оқытуды қамтамасыз ету;

мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз ету;

техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыру және бекiтуге енгiзу;

оқушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастыру;

техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сонымен қатар арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзету мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептердi қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;

мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сонымен қатар арнайы және мамандандырылған бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн қағаз және электронды түрде оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз ету;

жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурсын, облыстық ауқымдағы орындаушылар конкурстарын және кәсiптiк шеберлiк конкурстарын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз ету;

балаларға облыс деңгейiнде жүзеге асырылатын қосымша бiлiм берудi қамтамасыз ету;

бiлiм беру ұйымдарында менеджменттiң деңгейiн арттыру;

бюджеттiк қаражат есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды және кадрларды қайта даярлауды ұйымдастыру;

балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңестiк көмек көрсетудi қамтамасыз ету;

дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi сауықтыруды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен оқушылардың жеке санаттары үшiн тегiн және жеңiлдiк тамақтандыруды ұйымдастыру;

техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiтiрген тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал жасау;

ұсынылған өтiнiмдерге сәйкес алдағы уақытта жұмысқа орналастырумен ауылдық жерлердегi кадрлардың қажеттiлiк мониторингi;

мәслихатқа оқушыларды қоғамдық көлiкпен жеңiлдiктi тасымалдау туралы ұсыныстар енгiзу;

облыс аумағында бiлiм беру мониторингiн iске асыру;

облыс аумағында Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығында ұсталатын тұлғаларға жағдайларды қамтамасыз ету;

жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру мекемелерiнiң қызмет iстеуiн қамтамасыз ету;

облыс аумағындағы қамқоршылық кеңестерге көмек көрсету;

облыстың мемлекеттiк бiлiм ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелер арасында «Орта бiлiмнiң ең үздiк ұйымы» грантына конкурс ұйымдастыру және өткiзу;

мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

мектепке дейiнгi тәрбиелеу, жалпы орта бiлiм беру, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi, мектептен тыс (қосымша) бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;

облыстың бiлiм ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудiң жаңа технологияларын енгiзу жөнiндегi тәжiрибелiк жұмысты өткiзудi қамтамасыз ету;

бюджеттiк ақшамен басқаруды жүзеге асыру;

облыстық бюджеттен қаражат алатын облыстық бiлiм ұйымдарын және облыс деңгейдегi iс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыру;

бюджеттi орындау және жоспарлау сұрақтары бойынша бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының қызметiнiң жұмысын үйлестiру және ұйымдастыру;

бюджеттiк жоспарлау бойынша уәкiлеттi органға жетекшiлiк ететiн ұйымдар бойынша бюджеттiк өтiнiмдi уақытылы ұсыну;

қаржы басқармасының мекемелерiне жеке қаржыландыру жоспарлары мен бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлiгiне қаржыландыру жобасының жоспарын уақытылы ұсыну және толтырудың нақты дұрыстығын қамтамасыз ету;

тиiстi уәкiлеттi органға қаржыландырудың жиынтық жоспарларын өзгертуге уақытылы өтiнiм ұсыну;

күн сайынғы және ай сайынғы мониторинг, облыстық бюджеттiң орындалу көрсеткiшiн талдау және қадағалау, уақытылы емес мiндеттердi қабылдау себептерiн анықтау, бюджеттiк бағдарламалар бойынша уақытылы емес төлемдi өткiзудi жүзеге асыру;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң дебиторлық және кредиторлық қарыздылығы бойынша есеп және облыстық бюджеттi орындау бойынша есептi құру;

жеке көрсеткiштер бойынша мемлекеттiк статистикалық есеп құру;

қаржы мәселелерi бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне қарасты ұйымдарға практикалық көмек көрсету және қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау;

басқарманың бухгалтерлiк есебiн және қаржылық-шаруашылық есеп беруiн жүргiзу;

облыс деңгейiнде сала бойынша жинақтау есептерiн және талдау материалдарын дайындау;

кәсiптiк бiлiм беру және кадрлар даярлау мәселелерi бойынша оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасында әлеуметтiк серiктестiктi дамытуға ықпал ету;

мемлекеттiк органдармен өзара әрекеттесудi қамтамасыз ету;

мектепке дейiнгi, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагог кадрлармен және мамандармен қамтамасыз етiлуiнiң сапалық және сандық жағдайын талдау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және белгiленген құзырет шегiнде бiлiм беру ұйымдарының басшылық және педагог қызметкерлерiн аттестаттау;

заңнамаға сәйкес бiлiм беретiн мемлекеттiк ұйымдар мен кәсiпорындар үшiн тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу;

балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, рухани және адамгершiлiк бiлiм алуына бағытталған тұжырымдамалар, бағдарламалар мен жобаларды iске асыруды қамтамасыз ету;

балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарды iске асыру мониторингi, әлеуметтiк және құқықтық кепiлдемелердi қамтамасыз ету, өңiр ерекшелiктерiн ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк әлеуметтiк ең төмен стандарттарды сақтау;

кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды, соның iшiнде балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдарды қалыптастыруға және олардың қызметiне мониторинг жүргiзуге қатысу;

жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың аймақтық есебiн енгiзу;

Республикалық ақпарат банкiн орталықтандырылған есепке қою және беру үшiн асырап алуға жататын және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы нақты ақпаратты дайындау;

қызметi кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, панасыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттауда, құқықтық сауаттылығын арттыруда ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте өмiрлiк қиын жағдайға тап болған кәмелет жасқа толмаған балаларды жұмысқа және тұрмыста орналастыру жөнiндегi шараларды қабылдау;

балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету және қатыгездiкпен қарау, балалар еңбегiнiң ең нашар нысандарының алдын алу және ескерту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру;

балалардың құқықтары мен мүдделерiн бiлдiретiн әлеуметтiк маңызы бар балалар бастамалары мен жобаларын жылжыту;

балаларды әлеуметтiк ортаның терiс әсерiнен, олардың денсаулығына, адамгершiлiк және рухани дамуына зиян келтiретiн ақпарат, насихат және үгiттен қорғау мақсатында ақпараттық-түсiндiру және ағартушылық қызметтi жүзеге асыру;

халықпен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық нысанын және әлеуметтiк жетiмдiктiң алдын алуды насихаттаумен байланысты әлеуметтiк жарнаманың әртүрлi нысандарын дамытуды ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу;

әдiстемелiк және практикалық көмек беру мақсатында бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;

орта бiлiм беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу ережесiн әзiрлеу және бекiтудi ұйымдастыру;

бiлiм беру ұйымдарының iшкi жұмыс iстеу тәртiбiнiң типтiк ережесiн әзiрлеу және бекiтудi ұйымдастыру;

жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде жергiлiктi атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

17. Құқықтар мен мiндеттер:

Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Мекеме өз құзыретi шегiнде:

Қазақстан Республикасының аумағында келiсiм жасауға;

егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға;

Мекеме қарауына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк, мемлекеттiк емес органдармен қызметтiк хат алмасулар жүргiзуге;

облыстың ведомствоға қарасты бiлiм беру ұйымдарынан, Петропавл қаласының және аудандардың бiлiм бөлiмдерiнен қажеттi құжаттар, ақпараттар, олардың қызметi бойынша түсiнiктемелер сұрау және алу, жеке лауазымды тұлғаларға басқарма құзыретiне қатысты тапсырма беру, облыстың атқарушы органдарының құзыретiне қатысты мәселелердi шешуде облыстың ведомтвоға қарасты бiлiм беру ұйымдарының, Петропавл қаласының және аудандардың бiлiм бөлiмдерiнiң қызметкерлерiн тартуға;

өңiрде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi шығармашылық бастаманы қолдауда меценаттық және қайырымдылық көрсету дәстүрiн дамытуға ықпал етуге;

басқа мемлекеттiк органдар мен өңiрлiк ұйымдардан басқармаға жүктелген мiндеттердi шешу үшiн қажет ақпарат және материалдарды сұратуға және алуға;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiне өз құзыретi шегiндегi мәселелер бойынша өзгерту мен толықтыру жөнiндегi тиiстi ұсыныстарды енгiзуге;

балалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерiмен айналысатын халықаралық, үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдармен өңiрде балалардың жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды өткiзуге;

басқарма құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi комиссиялар, жұмыс топтары жұмысына, сот отырыстарына қатысуға;

белгiленген тәртiпте басқарма құзыретiне кiретiн мәселелердi пысықтау үшiн ғылыми және өзге де ұйымдарды, сондай-ақ жеке ғалымдар, мамандар мен сарапшыларды тартуға;

белгiленген қызмет саласында консультативтiк кеңестер құруға;

Мекемеге жүктелген мiндеттер мен қызметтердi орындауға құқылы.

3. Мекеменiң қызметiн ұйымдастыру

18. Мекеменiң басшылығы мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

19. Мекеменiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20.Мекеменiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Мекеменiң бiрiншi басшысының өкiлетiлiгi:

мекеменiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, жүктелген мiндеттердi орындауға және өз қызметтерiн жүзеге асыруға дербес жауапкершiлiкке ие.

мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

ерлер мен әйелдердiң тең мүмкiндiктерi мен тең құқықтарының мемлекеттiк кепiлдемесi туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етедi;

басқарма қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапкершiлiкке ие;

Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыт бередi, олардың өзара әрекеттесуiн үйлестiредi;

қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерiн, сонымен қатар Басқарма қарамағындағы мекемелердiң, ұйымдардың және кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

басқарма туралы ереженi, оның құрылымы мен штат лимитiн облыс әкiмдiгiне бекiтуге ұсынады, еңбекақы қорын үнемдеу шегiнде мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық көтермелеу (сыйлықақы), қосымша ақы белгiлейдi;

басқарма құзыретiнiң шегiнде қызметтiк құжаттамаға қол қояды;

iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;

штат кестесiн Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiне бекiтуге ұсынады;

нормативтiк құқтық актiлердiң және басқа да құжаттардың жобасын келiседi және Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiне қарауға ұсынады;

iшкi бақылау қызметтерiнiң бақылау iс-шараларының жоспарын бекiтедi;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерiн және Басқарма қарамағындағы бiлiм ұйымдарының басшыларын көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;

мекеменiң шығыстар сметасын бекiтедi, бюджетпен қарастырылған қаржы қаражаттарына билiк етедi;

мекеменiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы үлгi ереженi, Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға бiлiктiлiк талаптарының жинағын бекiтедi;

жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, Мекеме қызметкерлерiн және Мекеме қарамағындағы бiлiм ұйымдарының басшыларын iссапараға жiбередi, сонымен қатар Мекеменiң барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi;

мекеменiң мемлекеттiк қызметшi кадрларын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;

облыстың ведомствоға қарасты бiлiм ұйымдарының жұмыс жоспарын бекiтедi;

мекеме атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, барлық мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда оның мүддесiн қорғайды;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Мекеменiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мекеменiң мүлкi

23. Мекеменiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Мекеме мүлкi оған Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiмен берiлген мүлкiн және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан тұрады, сондай-ақ құны басқарма балансында көрсетiлетiн, басқа да мүлiк есебiнен қалыптастырылады.

24. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

26. Мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

27. Мекеменiң мүлкiн бөлу тәртiбi таратылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

28. Мекеменiң ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

29. Мекеме филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

6. Мекеменiң жұмыс тәртiбi және өзара қарым-қатынасы

30. Мекеме және Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

31. Мекеменiң әкiмшiлiгi және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

32. Мекеменiң жұмыс уақытының режимi екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен ұзақтығы күнiне сегiз сағат.

«Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағындағы мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi

  1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Петропавл қаласының машина жасау колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Аққайың ауданының аграрлық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Жәлел Қизатов атындағы Есiл ауыл шаруашылық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны;
  4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Ленингард ауыл шаруашылық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  6. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Айыртау ауданының Саумалкөл а. агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  7. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Айыртау ауыл шаруашылық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  8. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Петровка аграрлы-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Новоишимка аграрлы-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  10. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Рузаевка аграрлы-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  11. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Қызылжар аграрлы-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  12. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  13. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Тайынша агробизнес колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  14. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  15. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Петропавл кәсiптiк колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  16. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны;
  17. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi» қазыналық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны;
  18. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорыны;
  19. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Кәсiптiк дайындық және сервис колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  20. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Петропавл темiржол көлiгi колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорыны;
  21. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған Чкалов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  22. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Даму мүмкiндiгi шектеулi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптiкөл арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  23. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Даму мүмкiндiгi шектеулi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколовка арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  24. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған баспана» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  25. Солтүстiк Қазақстан облысының «Петропавл қаласының балалар үйi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  26. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  27. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған №2 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  28. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған Ломоносов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  29. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  30. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  31. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрiк мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  32. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат — өнер колледжi» Кешенi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  33. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  34. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Мамлют шипажай орта мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  35. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  36. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Полудин балалар үйi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  37. «Отбасылық үлгiдегi балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  38.  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Солтүстiк Қазақстан облысының кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  39. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Кәмелетке толмағандарға арналған баспана» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  40. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Ақжар ауданының «Жеткiншiктер үйi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  41. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Жеткiншiктер үйi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  42. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Бiлiм саласындағы ақпараттық технологиялар және әдiстемелiк жұмыс орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  43. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  44. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Шал ақын ауданының өңiрлiк психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  45. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Ақжар ауданының өңiрлiк психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  46. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны;
  47. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Дене тәрбиесi, спорт және алғашқы әскери даярлық өңiрлiк оқу-әдiстемелiк орталығы» коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны.

Мақаланың шыққан күні: 15.05.2018 10:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.08.2018 15:50

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+