«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

12-жылдық білім беру

Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының шығармашылық топтарына кiретiн облыс мұғалiмдерi Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинақтарын әзiрледi.

Жинақ материалдарын облыстың бiлiм беру мекемелерiнiң 2,5,7 сыныптарда ЖББ және ЖБТ-ны өткiзген кезде облыс мұғалiмдерi пайдалана алады.

Жинақ материалдары Оқу бағдарламалары мен оқу жоспары негiзiнде дайындалған, http://smk.edu.kz/Forum/ сайт материалдары пайдаланған.

Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар мұғалiмге оқушылардың тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына қол жеткiзу деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

2017 жылғы 24 мамырда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының негiзiнде «Облыстағы бiлiм жүйесiндегi өзектi мәселелер» тақырыбында кеңес өткiзiлдi

Кездесу барысында облыстағы бiлiм жүйесiндегi өзектi мәселелер туралы, оның iшiнде бiлiмнiң жаңартылған мазмұнын енгiзу, үштiлдiлiкке көшу, жаратылыстану-ғылыми циклiндегi пәндердi ағылшын тiлiнде оқыту мәселелерi қарастырылды.

Диалогтық алаң жұмысына:

  • «Ардагерлер бiлiм сапалылығы үшiн» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Раиса Ивановна Полищук;
  • Бiлiм саласындағы бақылау жөнiндегi департамент басшысы Темiрғали Текебасұлы Әбiлмәжiнұлы;
  • «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының директоры Алма Жәкiмқызы Мырзалинова;
  • Петропавл қаласы бiлiм бөлiмiнiң басшысы Гульмира Райымбекқызы Каримова;
  • Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмыстар және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Шарғия Жұманғалиқызы Мұқышева;
  • «БЭСТ» гимназиясының директоры Надежда Васильевна Заиченко;
  • М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп-лицейiнiң директоры Разия Ескендiрқызы Қасымова;
  • лингвистикалық бағдарламаларды iске асыру жөнiнде эксперт-консультанты Стэфэн Джон Хайлдлаф;
  • бiлiктiлiктi арттыру курстарының тренерлерi;
  • БӘАТО әдiскерлерi;
  • СҚО бiлiм басқармасының мамандары;
  • курсант-мұғалiмдер қатысты.

77 - ҚАДАМ. Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдынғы қатарлы колледжбен он ЖОО білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату.

Техникалық және кәсіптік білім беру сұрақтары, адамның капиталын дамыту, инвестициялық факторы ретінде елдің тартымдылығы мемлекет басшысы үшін басым болып отыр. Бұл ажырағынсыз жаңа әлеуметтік саясатқа байланысты, 2017 жылы барлығы үшін тегін кәсіптік білім қарастырылуда. Бұл шара – жастарда әлеуметтік қолдауды дамытудың жаңа қадамы.

Бүгінгі күні 8 мыңнан астам колледж студенттері мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.

Жұмыс кадрларын дайындауда әлеуметтік серіптестіктер қызығушылығы артылған. Әлеуметтік серіптестіктермен өндіруші шарттары және кәсіпорынның профилін ескере оқу тәжірибесінің жоспары келісілді. Бұл өндіруші тапсырысында кәсіптік оқыту максималды жақындады.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін «Өсу нүктесі» әлеуметтік серіптестіктермен бірігіп дуалды оқытуды енгізу болып табылады.

2016-2017 оқу жылында мамандарды даярлау формасында келешекте дуалды оқытуда облыстың 15 колледжінің 24 мамандығы бойынша 80 кәсіпорынмен бірігіп жалпы қамтуы 2475 (20,5%) студент көлік, көлік құру, құрылыс, қызмет көрсету саласы, ауыл шаруашылығы саласы үшін жүзеге асырылды.

2016 жылда бұл формаға 3 колледж көшты: Айыртау ауданының Самалкөл ауылының агротехникалық колледжі, Ғ.Мүсірепов ауданы Рузаевка аграрлы-техникалық колледжі, Тимирязев ауданының аграрлық-техникалық колледжі.

«СЭВКАЗЭНЕРГО» АҚ дуалды оқыту аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі базасында «электрүнемдеу» мамандығы үшін оқу полигонын орнатты.

Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжі 30 бас малға оқу фермасын ұйымдастырып, арнайы тәртіп бойынша 3 кабинетті жабдықтады және «ет және ет азықтарын шығару» мамандығын ашты. 2016 жылда колледж базасында дайындалу, қайта дайындалу және қайта шығару саласы үшін біліктілікті арттыру жоспарлануда.

Құрылыс-экономикалық колледжінің базасында дайындық үшін арналған Ресурстық орталық – құрылымдық бөлімше, құрылыс саласы үшін кадрларды арттыру және қайта дайындау құрылды.

2014-2016 жылдарыц Жол картасына дуалды оқытуды енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп құрасытырылып, облыстың 12 колледжі, немесе 44% енді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бастауыш бiлiм беру стандарты Zip (4 Mb)

СҚО 12-жылдық бiлiм беру

Жалпы орта бiлiм беру жүйесiнде бiлiм берудiң 12 жылдық үлгiсiне көшу жұмысы атқарылып жатыр.

2014 жыл басынан берi Бастауыш бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарты зерделенiп, талқылануда. Облыста екi мектеп — Петропавл қаласының № 16 орта мектебi мен М. Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ОМ айқындалды, олар биылғы оқу жылы жаңа Бастауыш бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартын апробациялаудан өткiзу жөнiндегi сынаққа қатысу бойынша дайындық жұмысын жүргiзiп жатыр.

2015-2016 оқу жылы 1-сыныпта бастауыш бiлiм беру стандартын апробациялау басталады.

Аталған мектептерде Назарбаев Зияткерлiк мектептерiнiң тәжiрибесiн тарату бойынша 2 жыл бойы қазақ мектеп-гимназиясы мен Бескөл мектеп-гимназиясы оқыту әдiстемесiн қолдану жөнiнде жұмыс iстеп жатыр. Қазақ мектеп-гимназиясының базасында «Жетi модуль идеясын енгiзу. Педагогтердiң Кембридж бағдарламасын енгiзу бойынша жұмыс тәжiрибесi» облыстық семинарын өткiздi.

2016 жылдан берi Солтүстiк Қазақстан облысының 6 мектебiн жан басына қаржыландыруды апробацияға енгiзу болжанып отыр: М. Айтқожин атындағы № 1 жалпы бiлiм беретiн инновациялық орта мектеп, Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп, Ю.А. Гагарин атындағы № 14 орта мектеп, № 21 орта мектеп, «БЭСТ» гимназиясы, «Әл-Фараби» мектеп-лицейi.

Алайда, СҚО-да 547 мектептiң 81,2 пайызы шағын жинақталған мектеп екенiн ескеру қажет, аталған мектептерге жан басына қаржыландырудың қатысы жоқ.

Білім беру мазмұны жаңарту

Құрметтi ұстаз!

Бастауыш мектеп мұғалiмдерiнiң стандартты апталық жүктемесi 18 сағатты құрайды.

Әрбiр мектепте оқу жүктемесiн бөлу мектеп басшылығымен жүзеге асырылады.

Оқыту тiлiне сәйкес бастауыш сынып мұғалiмi негiзгi пәндермен қатар қазақ немесе орыс тiлдерiн жетiк бiлетiн жағдайда орыс тiлiнде оқытатын мектептерде қазақ тiлi және қазақ тiлiнде оқытатын мектептерде орыс тiлi сабақтарын жүргiзе алады.

Бастауыш мектеп мұғалiмiнiң апталық жүктемесi 18-19 сағатты құрауы мүмкiн: сауат ашу — 6 с., математика — 4 с., жаратылыстану (жаңа пән) — 1 с., дүниетану — 1 с., музыка — 1 с., өзiн-өзi тану — 1 с., көркем еңбек — 1 с., дене тәрбиесi — 3 с., вариативтi компонент (дамыту сипатындағы сабақтар) — 2 с.

«Жаратылыстану» пәнi енгiзiледi, ол оқу жүктемесiнiң бiр сағатынан тұрады.

2016 жылдан бастап «Өзiн-өзi тану» пәнiн оқыту кезiнде топтарға бөлiнетiнiн ескерiп, оны 1-сыныпта сертификаты жоқ мұғалiм оқу жылы аяғына дейiн сертификатты алатын жағдайда оқыта алады. 1-сынып мұғалiмi қосымша сағатты үлгiлiк оқу жоспарының вариативтi компонентi есебiнен алуы керек.

Мұғалiм көркем еңбектi сертификатсыз оқытуға құқығы бар. Дегенмен аталған пән бойынша мұғалiм оқу жылының соңына дейiн бiлiктiлiктi арттыру курсынан өтетiн болады.

Жаңартылған бiлiм мазмұнына көшу кезiнде қалған сыныптар үшiн 2017-2018 оқу жылына арналған оқу жүктемесi есептелуде және осы жылдың соңына дейiн 2-шi, 5-шi, 7-шi сыныптарға берiледi.

Осыған байланысты, сағаттардың жалпы саны бұрынғы қабылданған нормативтер шегiнде қалады.

Құрметтi ұстаз!

Сiздердi өткен хаттар арқылы жаңартылған бiлiм мазмұнын енгiзу және бiрiншi сыныптардың жаңа стандарттарға көшу кезеңдерi туралды хабардар еткен болатынбыз.

Аталған ақпараттық хатта бастауыш мектептiң жаңа Үлгiлiк оқу жоспарлары туралы баяндаймыз.

Ең бастысы, жаңа Үлгiлiк оқу жоспарын (ҮОЖ) 2016 жылғы қыркүйектен бастап енгiзу жоспарлануда.

Бастауыш мектептiң үлгiлiк оқу жоспарына 14 пән кiрдi, оның iшiнде 3 жаңа пән: «Жаратылыстану», «Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ)», «Көркем еңбек» («Бейнелеу өнерi» мен «Еңбекке баулу» пәндерi мазмұнының кiрiктiрiлуi есебiнен).

«Жаратылыстану» пәнi қоршаған әлемдi тұтас ғылыми тұрғыдан, бастауыш мектепте алғашқы зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және негiзгi мектепте «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерiн оқуға арналған негiздеменi қалайды.

Бастауыш мектепте АКТ пәнi компьютерде жұмыс iстеуге арналған жұмыс дағдыларын, алгоритмдiк, логикалық ойлауды дамытуды, оқу мiндеттерiн шешу үшiн ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды қалыптастыру үшiн 3-шi сыныптан бастап енгiзiледi.

«Көркем еңбек» пәнi балалардың көркемдiк-эстетикалық деңгейiн дамытуды, шығармашылық қызмет процесiнде негiзгi бiлiм мен практикалық дағдыларды қалыптастыруды арттыруға ықпал етедi.

«Дүниетану» пәнi ұлттық жалпыадами құндылықтарды дәрiптеуге, қоғамда өзара iс-әрекет дағдыларын дамытуға бағдарланған және болашақта қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша бiлiмнiң негiзi болып табылады.

Тiлдердi оқыту қатысымдық тәсiл арқылы жүзеге асырылады, оның негiзi сөйлесiм әрекетiнiң 4 түрiне негiзделген: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Оқушылардың тiлiн дамыту мен шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға ықпал ететiн табиғи жағдаяттарға жақындастырады, оқыту ортасы түрленедi.

Ағылшын тiлiн оқытуға арналған сағат саны көбейтiлген.

Бұдан басқа, бастауыш мектептiң әртүрлi пәндерi бойынша оқу бағдарламаларында «ортақ тақырыптар» мәнмәтiнiнде оқытуды ұйымдастыру көзделген, бұл әртүрлi пәндiк салалар мен тақырыптар бiлiмiн кiрiктiруге мүмкiндiк бередi.

Бастауыш мектептiң оқу бағдарламаларының мазмұны нақты өмiрмен, практикалық бағытталықпен тығыз байланысты, байқаушылық, қызығушылық, ақпаратпен жұмыс iстей бiлу және өзiнiң көзқарасын бiлдiру сияқты дағдыларын дамытуға ықпал етедi.

Сол себептi, бастауыш мектепте оқушының функционалдық сауатттылығын қалыптастыру басталады.

Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық бiлiм академиясы

Құрметтi ұстаз!

Негiзгi мектептiң үлгiлiк оқу жоспары 18 пәннен тұрады.

«Жаратылыстану» пәнi тек 5-сыныпта ғана емес, сонымен қатар 6-сыныптан бастап оқытылатын болады. Пәннiң мазмұнында жаратылыстану-ғылыми бiлiммен қатар зерттеу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту қарастырылған. Аталған пән бастауыш мектеп курсының жалғасы болып табылады, сонымен қатар 7-сыныптан бастап «Физика» «Химия» «Биология» «География» пәндерiнiң жүйелi курстарын оқыту үшiн негiз болып табылады.

Математиканы оқытудың өзiндiк ерекшелiктерi бар. Дәстүрлi оқытудан айырмашылығы негiзгi және орта мектепте математика «Алгебра» және «Геометрия» болып екi пәнге бөлiнбейдi. Пәндi тұтас оқыту пәнiшiлiк кiрiктiрудi неғұрлым тиiмдi iске асыруға ықпал етедi. Математиканың бiрыңғай курсын оқыту арқылы оқушылар математикалық әдiстемелердiң алуантүрлiлiгiн түсiнедi, бұл оқушыларға ғылым ретiнде математика туралы үздiк тұтас көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететiн болады.

Оқушыларда құқықтық сауаттылықты күшейту үшiн 9-сыныпта «Адам.Қоғам.Құқық» пәнiнiң орныныа «Құқық негiздерi» пәнi енгiзiледi.

Қоғамтану компонентi тарих және өзiн-өзi тану курстарында қарастырылған.

Бұрынғы үлгiлiк оқу жоспарынан жаңа үлгiлiк оқу жоспарының айырмашылығы 5-сыныптан бастап бiр уақытта «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзi тарихы» жүйелi курстарын енгiзумен ерешелiнедi.

Негiзгi мектепте, сондай-ақ бастауыш мектепте «Бейнелеу өнерi» мен «Технология» оқу пәндерi «Көркем өнер» пәнiне кiрiктiрiлген.

Ағылшын тiлiн оқытуға бөлiнген сағат сандары көбейтiлген.

Оқу пәндерi бiлiм мазмұнының сабақтастығын сақтау мақсатында бiлiм мен дағдыларды бiрте-бiрте тереңдетiлуi қайта қарастырылатын белгiленген академиялық кезеңдердiң аяқталуы бойынша оқу мақсаттарына сәйкес «шиыршық» принципiнiң негiзiнде жасалған. Тиiсiнше, пәндердiң мазмұндық мәнi мектепте оқыту кезеңi бойында үздiксiз болып табылады.

Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық бiлiм академиясы

Құрметтi ұстаздар, мектеп директорлары, ата-аналар!

Соңғы кездерi әртүрлi ақпараттық-коммуникациялық құралдар арқылы (БАҚ, интернет-хабарлама, әлеуметтiк желiлердi қосқанда, sms) бiлiм беру жүйесi туралы ресми расталмаған ақпарат таратыла бастады.

Аталған мәлiметтер жұртшылық арасында белгiлi бiр деңгейде наразылық тудырып, қоғам iшiнде келiспеушiлiк жағдаяттарын туғызды.

Осыған байланысты, уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың ресми деректерiне сәйкес келмейтiн ақпараттардың одан әрi таратылуына жол бермеу қажеттiгi туралы ескерткiмiз келедi.

Сiздерден тек ҚР БҒМ сайтында жария етiлген ресми деректерге және министрлiктiң ақпараттық хаттарына жүгiнулерiңiздi сұраймыз!

Қымбатты директор, педагог, ата-аналар!

Кезектi ақпараттық хаттымызда бiз орта бiлiм беру ұйымдарына арналған Мiндеттi мектеп формасының талаптары (бұдан әрi — Талаптар) туралы түсiнiк берiп кеткiмiз келдi.

Талаптар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiлдi.

Бұл құжат Қазақстан Республикасы «Әдiлет» нормативтi құқықтық актiлердiң ақпараттық-құқықтық жүйесiне орналастырылды.

Мiндеттi мектеп формасын енгiзу туралы шешiмдердi қабылдау барысында мектеп басшылығы мен ата-аналар осы талаптарды қатаң басшылыққа алу керек.

Талаптар бiлiм беру ұйымдарында мiндеттi мектеп формасын қолдану тәсiлдерiнiң бiрыңғайлығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып, ата-аналардың мектеп формасына деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ оқу орындарының басшылығы мен қоғамдық кеңестердiң зайырлылық сипатта оқытуды ұстанудағы жауапкершiлiктерiн арттыруды көздейдi

Сонымен қатар, мектеп формасының қандай болу керектiгiн анықтау құқығы бiлiм беру ұйымдарының педагогтары мен оқушылардың ата-аналары еншiсiне берiлiп отыр.

Бiлiм беру мекемелерiнде мiндеттi мектеп формасын енгiзу мерзiмiн бiлiм беру ұйымдары дербес анықтайды. Егер бiлiм беру ұйымдары форманы жаңа оқу жылынан енгiзудi жоспарлайтын болса, онда жалпы мектептiк жиналыс ағымдағы оқу жылының 25 мамырына дейiн өткiзiлiп, қабылданған шешiмдер хаттамамен бекiтiлу тиiс.

Бiлiм басқармалары мен бөлiмдерi ата-аналарға мектеп формасын отандық өндiрушiлерден сатып алуды ұсына алады.

Ата-аналар мектеп формасын тiгетiн кәсiпорынды немесе оқушы формасын сататын сауда желiсiн өздiгiнен таңдай алады.

Ата-ананың мiндетi — оқу жылы басталғанша баланы мектепте бекiтiлген форманың үлгiсi мен түсiне сәйкес киiммен қамтамасыз ету.

Мектеп директорының ата-аналарға форманы нақты бiр өндiрушiден алуды талап етуге, сондай-ақ, оқушы киiмдерiн оқу мекемесiнде жаппай сатуды ұйымдастыруға құқығы жоқ.

Бiлiм беру ұйымдарының басшылығы мен мұғалiмдерiнiң ата-аналардан қаражат жинап, оқу формасын сатып алуға жол берiлмеуi тиiс.

Мектеп кеңесi (ата-аналар комитетi) аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын мектеп формасымен «Мектепке жол» акциясы аясында және жаппай оқу қоры есебiнен тегiн қамтамасыз етедi.

Талаптарға сәйкес әр оқу мекемесiнде өзiнiң дербес мектеп формасы қалады.

Республика бойынша бiрыңғай мектеп формасын енгiзу көзделмеген.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 10:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.05.2018 10:14

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+