«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Білім беру жүйесі туралы жалпы мәлімет

2016-2017 оқу жылынның аяқталуы туралы

Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі 543 мекемеге 23 178 бала барды. Ағымдағы оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдардан 5 337 бала шығарылды, оның 4 566-сы мектепке дейінгі дайындық тобына, 771-і бірінші сыныпқа барады. Петропавл қаласы бойынша бала саны 2213-ті құрайды. Осы орайда, қалада 2213 мектепке дейінгі орындар босайды, сонымен қатар жекеменшік мектепке дейінгі ашылатын ұйымдарда және қызмет жасап жатқан мектепке дейінгі мекемелерде қосымша орындардың ашылуымен 660 орын енгізіледі. Осылайша 2 873 бала кезектен кетеді. (мекемеден кететіндер мен жаңа орындардың ашылуына орай).

Орта білім беру

Болжам бойынша 7 133 бала мектеп алды даярлық тобына келеді, 8185 бала, оның ішінде Петропавл қаласы бойынша 3062-сі бірінші сыныпқа келеді, оның 647-сі қазақ тілінде білім алады. (2016 жылы — 3037 оқушы). Сонымен қатар қала аумағында мектепке дейінгі дайындық тобымен 2200 баланы қабылау күтіліп отыр (2016 жылы — 1565 бала). Осы жылы 1942 мектеп бітіруші мектеп қабырғасынан шықса, ал жаңа 2017-18 оқу жылында 5 мыңнан астам оқушы қала мектептеріне келеді, ал оқушылардың орнының жетіспеушілігі 956-ны құрап отыр. (3044-тен 4000-ға дейін).

2016-2017 оқу жылының аяқталуы және қорытынды аттестация туралы »Білім және ғылым Министрінің 24 наурызындағы №128 бұйрығына сәйкес орта білім беру мекемелернің барлық сыныптарында оқу 25 мамыр аяқталады.

Бастауыш сынып оқушылары көшу емтихандарын тапсырмайды.

26 -31 мамыр аралығында 5-8, 10 сыныптарда аралық аттестация өтеді, пәндер тізімі мен (екеуден артық емес) емтихандардың педагогикалық кеңестің шешімімен бекітіледі.

Барлық пәндер бойынша «5» деген бағаға бітірген 5-8, 10 сынып оқушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі. Ондай оқушылардың саны 8997-ні құрап отыр.

Барлық пәндер бойынша үлгеретін оқушылар көшіру емтиханына қасытады. Бір немесе екі пән бойынша «2» деген бағасы бар бала міндетті түрді емтихан тапсырады және сол пәндер бойынша қосымша бақылау жұмыстарын жазады.

9 сынып оқушылары (арнайы және кешкі мектептердің 10 сыныпта оқитындар) қорытынды емтиханды ағымдағы жылдың 30 мамырынан 9 маусым аралығында 4 пәнен тапсырады. Оның үшеуі міндетті, біреуі таңдауы бойынша пәндер

Ағымдағы жылы емтихандарды тапсыру тәртібі өзгертілді:

  • 30 мамыр таңдау пәні бойынша ауызша емтихан;
  • 3 маусым оқыту тіліне байланысты қазақ тілі немес орыс тілі бойынша ауызша емтихан;
  • 6 маусым оқыту тіліне қарай жазбаша емтихан (гимназиялық және пәндерді тереңдетіп оқитын сыныптар үшін) ҚГБ (қоғамдық гуматинарлық бағыт) — шығарма, жай сыныптар диктант жазады.
  • 9 маусым — математикадан жазбаша емтихан.

 Осы жылдың ерекшелігі барлық тоғызыншы сынып оқушылары негізгі мектепті бітіргені жөнінде аттестат алады, бұған дейін куәлік беріліп келді.

Білім мазмұнын жаңарту аясында, БҒДМБ сәйкес ҰБТ форматын жетілдіру мақсатында қорытынды аттестация процедурасы бітіру емтиханы және ЖОО-на түсу емтихандары болып бөлінді.

11 сынып түлектерінің 100 пайызы мемлекеттік бітіру емтихандарын 29 мамырдан 9 маусым аралығында тапсырады.

Мемлекеттік емтихандар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушылардың үлгеріміне аралық бақылау және қорытынды аттестаудан өткізу туралы типтік қағидаларға сәйкес өткізіледі.

Бітіру емтихандары білім және ғылым министрлігінің дайындаған материалдарының негізінде өтеді.

23 мамырда (жобамен) білім басқармасы емтихан материалдары бар пакетті алады. 23 мамырдан 27 мамырға дейін барлық облыс аудандарына беріледі.

11 сынып 5 емтиханды 4 күнде тапсырады. (4-еуі міндетті, 1 таңдау бойынша)

  • 29 мамыр — оқыту тіліне қарай эссе формасында жазбаша емтихан ;
  • 2 маусым — бітірушілер екі емтихан жазады: қазақ тілі, орыс тілі және таңдау бойынша пәндерден тестілеу;
  • 6 маусым — алгебра және бастапқы анализ бойынша жазбаша жұмыс;
  • 9 маусым — Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билеттер бойынша )

2 маусым күні бітірушілер таңдау бойынша пәндерден тестілеу тапсырады. ВЕБ-базаға барлығы 3734 метеп бітіруші енгізілді, оның ішінде 104-і кешкі мектептер мен бөлімдерден, 3630-ы жалпы білім беретін күндізгі мектептерден.

Пәндер бойынша тапсыратындары:

  • «химия» — 49,
  • «физика» — 719,
  • «биология» — 1561,
  • «география» — 691,
  • «Дүниежүзілік тары» — 228,
  • «ағылшын тілі» — 243,
  • «неміс тілі» — 1,
  • «геометрия» — 31,
  • «әдебиет» — 92, оның ішінде орыс әдебиеті — 51, қазақ әдебиеті — 41,
  • «информатика» — 15.

20-27 сәуір аралығында білім басқармасында «Алтын белгі» жалпы орта білім аттестатына үміткерлердің құжаттарын тексеру бойынша эксперттік комиссиясы жұмыс жасады.

«Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің саны -140. (2016 жылы 125 үміткердің 56 -сы растады). Ағымдағы жылы «Алтын белгі» иегерлерінің тізімін бекіту, мемлекеттік бітіру емтихандарының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестатын беру туралы бұйрықты шығару мектеп директорларының құзіретінде болады

Орта білім беру ұйымдарында бітіру іс-шараларын өткізу туралы

ҚР БҒМ орта білім беру ұйымдарында бітіру іс-шараларын өткізу туралы тұжырымдаманы әзірдеді, бүгінгі күні абарлық білм беру ұйымдарына жолданды.

 Тұжырымдамаға сәйкес оқу жылының аяқталуына байланысты «Соңғы қоңырау» салтанаты барлық жалпы білім беретін ұйымдарында 25 мамыр сағат 10.00-де өтеді.

Ағымдағы жылдың 10-12 маусым аралығында жалпы орта білім туралы аттестаты табыс ету салтанаты өтетін болады.

ҰБТ –ны ұйымдастыру және өткізуге байланысты

ҰБТ 20 маусымнан 1 шілде аралығында өтеді

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын 8 пункт қызмет жасайды. (Ақжар, Айыртау, М. Жұмабаев, Жамбыл, Есіл, Ғ. Мүсірепов атындағы, Тайынша аудандары және Петропавл қ.);

  • 51 аудитория әзірленген.

Барлық пунктер ҰБТ өткізуге дайын:

  • 65 бақылау бейнекамера и 7 бейнетіркегіш бар;
  • Ішкі істер департаментінде 48 ұялы телефон байланысын басу, оның 13-і 35, 50, 70 метр радиустағы байланыстың сигналын өшіреді. Ұялы телефон байланысын басу үшін берілген құралдардың техникалық жағдайы барлық белгілі тазалықтағы сигналдарды баса алады.
  • ағымдағы жылы СҚМУ 2 рамалы металл іздегіш, 15 ұялы телефон байланысын бастын құралдырын, 14 бейнекамера сатып алды.

Аудандардағы ҰБТ тапсыратын 7 пункті металл іздегіш пен ұялы байланысты бастын құралдарды Ішкі істер департаменті қамтамасыз етеді. (Келісім бойынша)

ҰБТ ұйымдастырып өткізу үшін (ұйымдастыру, тасмалдау, тамақтану және тұруына) 6,8 млн. теңге, оның ішінде 4,9 млн. теңге — тамақтануға, 485 мың теңге — тұруларына, 1,4 млн. теңге — тасмалдануына (2016 жылы — 5,7 млн. теңге) қарастырылған

Білім басқармасы 10 маусымға дейін ҰБТ-дің өтуіне жауаптылардың, автокөліктердің, тұратын орын мен тамақтануына тағайындалған қызмектерлердің базасын жасайды.

Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа форматта тасырады: 3 міндетті пән, (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы) және 2 пән таңдау бойынша.

Осы жылы 3630 оқушы жалпы білім беретін мектептің 11 — сыныбын аяқтайды.

10 наурыздан 10 мамыр аралығында ҰБТ базасы құрылды.

4 мамыр жағайында ҰБТ тапсыруға тапсырыс берген бітірушілердің құрамы 60,55 пайызды құрайды (2198 оқушы), өткен жылмен салыстырғанда 2,85 пайызға аз. (2016 ж. — 63,4%).

ҰБТ тапсыруға ең аз өтініш білдірген аудандар: М. Жұмабаев (34,7%), Тайынша (42,9%), Мамлют (53,5%).

Алдын ала мәлімет бойынша Уәлихан және Есіл аудандарында өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштері жоғары.

Облыстың 12 ауданында қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда төмен, Петропавл қаласы бойынша бұл көрсеткіш сол деңгейде (2016 жыл — 68,29%, 2017 ж. — 68,5%).

Мамандықты және ЖОО факультетерді дұрыс таңдау үшін кәсіптік бағдар беру бойынша білім басқармасы мектеп бітірушілерге ұдайы көмек беріп отырады. Ағымдағы оқу жылында 16 жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

(«Назарбаев Университеті» АҚ, Казахской академии транспорта и коммуникаций имени М. Тынышпаева, Казахстанского гуманитарно-юридического университета, Кошетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова, Руднинский индустриальный институт, Медицинский университет г.Астана, Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина, Кокшетауский университет им. А. Мырзахметова, Алмаатинская академия МВД РК, Карагандинская академия МВД РК, Костанайская академия РК, Кокшетауский технический институт МВД РК КЧС РК, Казахстанско-Британский технический университет). ҰБТ-дің жаңа форматта тестілеуіне дайындық жұмысы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-і 284 мектеп бітірушінің қатысуымен сынама тестілеу, ашық есік күндерін, аудандардың мектеп бітірушілерімен универстит ректоры кездесу өткізді.

Петропавл қаласы және 5 ауданда жоғары оқу орындары мен техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерімен бітірушілер Форумы өтті.

Ағымдағы жылы межелі деңгейді алмаған мектеп бітірушілері ақылы негізде оқу үшін 2017 жылдың тамыз айында 2018 жылдың қаңтар айында қайта ҰБТ тапсыруға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, мектеп бітірушілердің қобалжу және мазасыздық жағдайын алдын алу мақсатында психологиялық қызмет жұмыс жасайды. «Отбасымен ҰБТ-ға дайындаламыз» онкүнділік аясында білім бақармасы біршама іс-шара өткізуді жоспарарлады. Басты мақсаты оқушылар мен ата-аналардың психологиялық күйзелісін алдын алу болып табылады және бітіру емтихандарын ҰБТ-ны сәтті тапсыру. Сонымен қатар «Ата-аналардың сүйікті балаларына хаты» акциясы өткізіледі, оның басы мақсаты ата-анасының өз баласына кеңес беру мақсатында жазатын ашық хаты.

Бітірушілерді алдын ала жұмыспен қамту

2016-2017 оқу жылын 9, 11 сыныптардың 9911 оқушысы аяқтайды.

11 сынып бітірушілерінің (саны — 3630) алдын ала мәлімет бойынша: ҚР жоғары оқу орындарына — 1908 оқушы (52,3%), басқа елдің ЖОО-на — 733 оқушы (20,1%), ҚР техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне — 901 оқушы (24,8%), Ресей Федерациясының техникалық және кәсіптік колледждеріне — 75 оқушы (2,1%), жұмысқа 25 оқушы (0,7%) орналасуды жоспарлап отыр.

9 сынып оқушыларының саны 6 269 оқушыны құрайды, оның 3661-і (58,3%) оқуларын 10-шы сыныпта жалғастырады, ҚР-ның ТжК колледжде 2509 оқушы (40%), Ресей Федерациясының техникалық және кәсіптік колледждеріне 97 оқушы (1,6%) оқуды және 2 оқушы (0,1%) жұмысқа тұруды жоспарлап отыр.

Кәсіптік –техникалық білім беру ұйымдарында оқу жылы 1 шілдеде аяқталады.

2017 жылы облыстың колледждерінен 3723 күндізгі және сырттай бөлімдердің орта звеноның мамандары бітіріп шығады, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 2407 адам 64,7%.

Ағымдағы жылы «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша алғаш рет 67 бітіруші шығарылады: Петропавл теміржол көлік колледжінен 45 адам (23 адам «Теміржол қозғалыс қызметіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу,іске қосу» мамандығы, 22 адам — «Электроүнемдеу» мамандығы бойынша), Ленинград ауылшаруашылық колледжінен 22 бітіруші «Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама» мамандығы бойынша.

«Серпін-2050» бағдарламасының әрбір бітірушісімен жеке әңгімелесу өткізілді. 43 адам жұмысқа тұруды, 24-і М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-не түсуді жоспарлап отыр.

Аудан және Петпопавл қаласының әкімдеріне, «СевКазЭнерго» АҚ бас директорына, Оңтүстік-Орал теміржол филиалының «Ресей теміржол» БАҚ басшыларына бітірушілерді жұмысқа орналасыту бойынша хаттар жолданды.

Алдын ала талдау бойынша 3003 бітірушінің 2107-сі (70%) жұмысқа тұруды, 259-ы оқуды жалғасыту мақсатында ЖОО түсуді жоспарлап отыр, 286-сы әскер қатарына шақырылады, 116-сы бала күті бойынша отырады, 235 бітіруші бұл 7% бүгінгі күні таңдауды анықтау үстінде.


Бiлiм беру жүйесi туралы жалпы мәлiмет Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм беру саласы бойынша ақпарат 2016-2017 оқу жылы

Мектепке дейiнгi бiлiм беру

Облыста 546 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары бар (78 — балабақша, 467 — шағын орталықтар, 1 — «Кешендi мектеп-балабақша»). 22890 — мектепке дейiнгi жастағы балалар қамтылған.

2015-2016 оқу жылында мектеп бiтiрушiлер саны — 4813 (Петропавл қаласында — 2556). 2016-2017 оқу жылына 5301 бала жаңадан қабылданады (Петропавл қаласы бойынша 2556).

Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына кезекте тұрған бала саны — 13327 (Петропавл қаласында — 11810). Оның iшiнде (3 пен 6 жас аралығында) кезекте тұрғандардың саны — 3441 (Петропавл қаласында — 3363).

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында 2016 жылы облыста 1263 жаңа орындардың ашылуы жоспарланып отыр (облыс аудандарында 288 орын, Петропавл қаласы бойынша — 975 орын).

Мектепке дейiнгi мекемелерде барлығы жоғары және кәсiптiк бiлiммен 2658 тәрбиешi қызмет жасайды. Бұл 54,3 пайызды құрайды. Мектепке дейiнгi мекемелерде тәрбиешiлер 49 бiрлiкке қажеттiлiк бар.

Бiлiм мазмұнын жаңартуға көшу

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бiлiм берудi дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған 4 жылға шақталған мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлдi.

12-жылдық оқыту моделiн енгiзу мақсатында, бiлiмнiң мазмұны, ең бастысы барлық сыныптар бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтардың функционалдық бағыттары өзгердi. Бiлiмнiң жаңа мазмұны функционалдық сауаттылыққа бағытталған, яғни алған бiлiмiңдi қолдана бiлу.

Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес 12-жылдық оқытуға көшу кезең-кезеңмен жүргiзiледi:

2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйегiнен бастап бiрiншi сыныптағылар жаңа стандарт бойынша оқиды;

екiншi кезең, ол 2017-2018 оқу жылында жаңартылған бағдарлмалар бойынша 2, 5, 7 сыныптар оқиды;

2018-2019 оқу жылы — енгiзудiң үшiншi кезеңi, онда 3, 6, 8, 10 сыныптар көшедi;

соңғы төртiншi кезең, 2019-2020 жылы 12-жылдық бiлiм алуға 4, 9, 11 сыныптар көшедi.

Осыған орай, барлық оқушылар 2020 жылы жаңа оқыту бағдарламасы бойынша бiлiм алады.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiнен 8404 бiрiншi сынып оқушылары бiлiмнiң мазмұнын жаңарту аясында оқуларын бастайды. Соның iшiнде 6 жастағы 3265 бала, 7 жастағы 5139 бала. Сондықтан, сыныптарды қалыптастыру кезiнде оқушылардың жастық құрамын ескеру қажет.

Нұсқаулық ереженiң 12 тармағына сәйкес 1 және мектеп бiтiрушiлер сыныптарын бiрiктiруге болмайды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бiрiншi сыныптарда бағалау жүйесi өзгередi. 1-2 тоқсанда бұрынғыдай баға қойылмайды, 3-4 тоқсанда өткен тармақтар нәтижесi бойынша суммативтi бағаланады. Бiрiншi сынып бақылау жұмыстарын жазып, балдар алады, сонан соң балдар бағаға айналдырылады.

Мектеп формасын енгiзу

Бiлiм беру мекемелерiнде мiндеттi мектеп формасын енгiзу жүргiзiлуде.

Бiлiм басқармасы мектеп Жарғыларына оқушылардың бiрыңғай формасы туралы толықтырулар енгiзуге қатысты жұмыстар жүргiздi.

Бүгiнгi күнi 519 мектептердiң ата-аналар комитеттерi мен жергiлiктi тауар өндiрушiлерi арасында мектеп формасын тiгу туралы шарттар жасады, бұл 100% құрайды.

Петропавл қаласы және облыс аудандарының мектептерiмен жұмыс iстейтiн облыстық орталықтың кәсiпорындары: ЖК «Джапабаев», ЖК «Гауһар», «Sens fashion» ЖК«Сокирко С.Н.», ЖК «Фасон», Ателье «Амазонка», ЖК «Лукинова Т.Л.», ЖШС «Швейный салон «Аленушка».

Қызылжарауданы: ЖК «Бахыт» Бескөл а.

Ғ. Мұсiрепов атындағы аудан: ЖК «Яна», ЖК «Демченко», ЖК «Белова», ЖК «Магнит».

Тимирязев ауданы: ЖК «Былкова», ЖК «Асанов», ЖК «Дубининой Т.Б.»

Шалақынауданы: ЖК «Гавричкова»

Айыртау ауданы: «Мечта» тiгiн фабрикасы, ЖК «Войтенко», «Престиж» тiгiн цехы Саумалкөл с.

ҰБТ-дiң қорытындысы

Солтүстiк Қазақстан облысында 2016 жылдың 3 мен 8 маусым аралығында Ұлттық бiрыңғай тестiлеу өткiзiлiп, 11 сыныптың 3684 оқушысынан 2352 түлек тестiлеуге қатысты. Қамтуы 63,84 % құрады, 2015 жылғы көрсеткiштен жоғары (2015 ж. — 63,2%). 2016 жылғы ҰБТ-дiң қорытындысы бойынша Тайынша ауданында (46,23%) мен М.Жұмабаев ауданында (54,8%) ең төмен көрсеткiш.

ҰБТ қорытындысы бойынша облыстағы орташа балл 79,01 құрады.

Облыстың ең үздiк нәтижесi 123 балды Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм лицейiнiң түлегi иелендi. Мектептер арасында үздiк балдарды қазақ-түрiк лицейi — 104,1 (27 оқушы), Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясы — 103,6 (38 оқушы), Петропавл қаласының «БЭСТ» гиназиясы — 101,4 (38 оқушы) көрсеттi.

Аудандар арасында ең үлкен орташа балл Уәлиханов ауданының түлектерiнде (86,67 балл). Ең төмен орташа балл Айыртау ауданының түлектерiнде (70,06 баллов).

Орташа балдың ең көп динамикасының өсуi, сәйкесiнше, бiлiм сапасы Ақжар ауданында 11,13. Орташа балл 84,33 (2015 жыл — 73,2). Төменгi динамика Шал ақын ауданында 4,9. 2016 жылғы ҰБТ орташа балы — 72,5, 2015 ж. — 76,6.

Ағымдағы жылы түлектердiң қатысу пайызының өсуi кезiнде ҰБТ-де бiлiм сапасының өсуi байқалды. Өткен жылмен салыстырғанда 100 және одан астам жинаған түлектердiң саны 14,32 % құрады, 2015 жылы 13,2%. Тестiлеушiлер санының көбеюiне қарамастан, төрт конкурстық пәндер бойынша межелi деңгейдi (50 баллды) өте алмаған түлектердiң бөлiгi 19 % құрады. Межелi деңгейдi өте алмаған ең көп түлектердiң саны 75 Айыртау ауданында.

54 түлек тестiлеу қорытындысы бойынша 56 қанағаттандырылмаған бағаны алды, оның iшiнде: математика — 43, физика — 4, дүние жүзi — 2, орыс тiлi — 2, қазақ тiлi — 3, химия — 1, Қазақстан тарихы — 1.

Өткен жылмен салыстырғанда «Алтын белгi» белгiсiмен иеленген түлектердiң саны 56, өткен жылғы көрсеткiшке қарағанда 19-ға көп (2015 ж. — 37). Үздiк аттестатты 26 түлек алды (2015 ж.- 23).

Апелляцияға 50-ден астам өтiнiш берiлдi, оның iшiнде 6 өтiнiш қанағаттандырылды.

Облыс түлектерi арасында тестiлеу кезiнде аудиториядан шығару байқалмады.

2015-2016 оқу жылында жалпы бiлiм беретiн 9-11 сынып түлектерiн алдын ала жұмыспен қамту

2016 жылы СҚО 9 сыныптың 6891 түлектерi және 11 сыныптың 3732 түлектерi.

11 сыныптың 3648 түлектерi түстi:

-ҚР ЖОО — 1352 оқушы (36,6%),

-Басқа елдiң ЖОО — 740 оқушы (20%),

-ҚР ТжәнеКБ — 1272 оқушы (34,5%),

- РФ ТжәнеКБ — 120 оқушы (3,2%),

-жұмыстен қамтылғандар- 126 (3,4%),

-жұмыспен қамтылмағандар- 37 (1%),

- басқа елдер мен облыстарға тұрақты тұруға кеткендер — 10 (0,1%),

-оқуға жарамсыздар — 4 (0,2 %),

-ҚР КҚ қызметiне-23(1%).

9 сыныптың 6891 түлектерiн жұмыспен қамтуды жалғасытрды:

  • СҚО ТжәнеКБ — 1754 оқушы (25,4%)
  • ҚР тжәнеКБ — 712 оқушы (10,3%),
  • РФ ТжәнеКБ — 154 оқушы (2,2%),
  • 10 сыныпқа — 4175 оқушы (60,5%),
  • жұмыспен қамтылғандар — 15 (0,2%),
  • жұмыспен қамтылмағандар — 7 (0,1%),
  • басқа елдер мен облыстарға кеткендер — 46 (0,9%),
  • оқуға жарамсыздар — 28 (0,4%).

Жаспедагогтардыжұмысқаорналастыру

Педагогикалықкадрлардыңболжамдықажеттiлiгi 487 бос орындықұрайды:

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi — 325 түлек;

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi — 27 түлек;

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi — 32 түлек;

Павлодар педагогикалықуниверситетi — 2 түлек;

Қостанай мемлекеттiк университетi — 10 түлек;

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi — 3 түлек;

Қазақ әйелдер мемлекеттiк педагогикалық университет — 39.

Бiлiм мекемелерi ЖОО түлектерiнен тыс техникалық және кәсiби бiлiм мекемелердiң түлектерiмен iрiктелуде. Болжамды педагогикалық мамандар түлектерi 418 құрайды, оныңiшiнде 250 түлек мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға жоспарлайды. Барлығы 856.

Мектептердiң қайтақұрылуы мен жабылуы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысымен бекiтiлген бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiне 2016 жылы оқушылардың саны сәйкес келмеуiне байланысты, облыста 16 бастауыш мектеп (3 мектеп қазақ тiлiнде, 13 мектеп орыс тiлiнде) жабылды, жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейiмдеу және әлеуметтендiру мақсатында «Облыстық жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ жабылып, мекеме «Петропавл қаласының балалар үйi» КММ статусына ауыстырылды және осы ұйымның 88 оқушысы Петропавл қаласының жалпы бiлiм беретiн №4, №9 және №23 мектептерiнде бiлiм алады. Ағымдағы оқу жылында бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың саны сәйкес келмеуiне байланысты 12 мектеп (4 орта мектеп негiзгi мектепке, 8 негiзгi мектеп бастауыш мектепке) қайта ұйымдастырылды.

Барлық елдi мекендердегi қайта ұйымдастырылған және жабылған мектептердегi143 бала күнделiктi үйлерiне тасымалданады, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын 297 бала апта сайын үйлерiне жеткiзiледi.

Жетiм және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды баспанамен қамту

Мемлекеттiк баспана қорынан кезекпен баспана алуға осы санаттағы азаматтардың жалпы саны 2596 адамды құрайды (оның iшiнде Петропавл қ. 1133), олардың iшiнде 18 жасқа дейiнгiлердiң саны 1328 адам, (оның iшiнде Петропавл қ. 510), 18 жастан және жоғары жастағылар — 1268 адам, (оның iшiнде Петропавл қ. 825).

2014 жылы 68 пәтер бөлiндi (Айтыртау — 29, Тайынша — 18, Петропавл қ. — 14, Ақжар — 4, Мамлютка — 3).

2015 жылы 27 пәтер бөлiндi («Қолжетiмдi баспана 2020» бағдарламасымен Тайыншада — 10), мемлекеттiк баспана қорынан Тимирязда — 2, Аққайыңда — 3, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»), мемлекеттiк баспана қорынан Ғ. Мүсiреповте — 4, мемлекеттiк баспана қорынан Петропавл қ. — 8.

Техникалықжәнекәсiбибiлiм беру

Облыста 27 техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары жұмыс iстейдi, оның iшiнде 22 мемлекеттiк және 5 жеке меншiк.

Бiлiм алушылар саны 12073 студенттi құрайды, соның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша 8160 студент, немесе 67,5%. Ақылы негiзде 3913 адам, немесе32,4 % (медициналық, экономикалық, құқытану, көлiк, ақпараттық технологиялар).

Ағымдағы жылы жұмыс кәсiптерi бойынша 1475 адам бюджеттiк негiзде қабылданды, бұл өткен жылдың деңгейiнен 300 адамға көп.

2016 жылы колледждердiң түлектерi 3632 адамды құрады, олардың 2786 адамы (76,7%) жұмыспен қамтылды, ЖОО-нда 240 адам (6,6%) оқуын жалғастырды, колледждерже 32 адам (0,9%) жалғастырды, ӘҚ қатарына 284 адам(7,9%) алынды, мемлекет шекарасынан 92 адам (2,5 %) шықты, 198 адам (5,4%) жұмысқа орналасқан жоқ.

Жұмыс берушiлердiң ұсыныстарын ескере отырып жаңа мамандықтар бойынша мемлекеттiк тапсырыс орналастырылды: «ет және ет өнiмдерiн өндiру (түрлерi бойынша)», «ветеринарлық санитар», «қонақүй шаруашылығына қызмет көрсету», «кiтапхана iсi» және т.б..

«Мәңгiлiк ел жастары — индустрияға!»әлеуметтiк жоба аясында 7 колледждерде 13 мамандық бойынша еңбек орны көп өңiрлерден 380 студент бiлiм алуда.

Облыстың техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында 19 жатақхана бар, жобалы қуаттылығы 3613 орынды құрайды, 2503 адам тұрады.

Қазiргi уақытта М.Жұмабаев ауданының Кәсiби даярлау және сервис колледжiнiң жатақханасын қалыпқа келтiру аяқталуда, толық жөндеу жұмыстарына 50 млн. теңге бөлiнген.

Мақаланың шыққан күні: 15.05.2018 10:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.05.2018 10:31

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+