«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің қызметі туралы

«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды диагностикалау және түзетудің қазіргі әдістері»

Білім берудегі ерекше жағдайларды қажет ететін балалармен жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы 30 мамыр күні «Петропавл қаласының №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ негізінде «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды диагностикалау және түзетудің қазіргі әдістері» атты облыстық семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының 15 түзету кабинеттері қатысты. Жұмыс барысында білім берудегі ерекше жағдайларды қажет ететін балаларды диагностикалау мен түзетудің өзекті сұрақтары мен мәселелері сөз етілді. Семинарда отандық және шетелдік диагностикаларға және заманауи түзету әдістеріне шолу жасалды.

Бұл семинар үлкен практикалық маңызға ие және білім берудегі ерекше жағдайларды қажет ететін балаларға көрсетілетін түзету көмегі сапасының артуына түрткі болып отыр.

Семинар соңында қатысушылар нәтиже шығарып, қалалық және аудандық ППТК жұмыстарының өзекті сұрақтары талқыланды.

Шақырылған қонақтар арасында СҚО Білім басқармасының бас маманы Сербина Н.В., қалалық білім бөлімінің өкілі Балтина Е.В. болды.

Қатысушылардың назарына келесі сұрақтар ұсынылды:

  1. №2 ППТК басшысы Р.Ж. Галиева «KIDS және RCDI әдістемелері арқылы білім берудегі ерекше жағдайларды қажет ететін балалардың даму деңгейін олардың өзін-өзі ұстауы бойынша бағалау»;
  2. Облыстық ПМПК психологі Мащенко Е.Н. «Балалардың психикалық-моторлық дамуын отандық және шетелдік диагностикалау әдістемелері — мүмкін ауытқуларды анықтау құралы ретінде»;
  3. Петропавл қаласының ППТК мұғалім-дефектологі Левина А.Ф. «Ақыл-ой бұзылыстарын дифференцианалды диагностикалау»;
  4. №2 ППТК мұғалім-дефектологі Камзина А.Н. «PECS карточкаларын енгізу ерекшеліктері»;
  5. Жамбыл ауданының ППТК педагог-психологі Аткельтирова А.С. «Аутистикалық спектрі бар балалармен педагог-психолог жұмысының ерекшеліктері»;
  6. Жамбыл ауданының ППТК басшысы Шерстобитова М.Г. «Білім берудегі ерекше жағдайларды қажет ететін балалармен жұмыста В. Воскобовичтің дамыту ойындары»;
  7. Жамбыл ауданының ППТК әдіскері, мұғалім-дефектолог Назарова Е.С. «М. Монтессори әдістемесінің элементтері арқылы баланы дамытудағы жеке тәсілді жүзеге асыру»;
  8. №2 ППТК әдіскері, педагог-психолог Серазетдинова Г.М. «ППТК жағдайында білім берудеге ерекше жағдайларды қажет ететін балалардың ата-аналарымен жұмыстың бір түрі ретінде «Ата-аналар клубы».
«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды диагностикалау және түзетудің қазіргі әдістері» «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды диагностикалау және түзетудің қазіргі әдістері» «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды диагностикалау және түзетудің қазіргі әдістері» «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды диагностикалау және түзетудің қазіргі әдістері»

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерiнiң қызметi туралы

Облысымызда 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) қызмет етедi: Ақжар ауданының өңiрлiк ПМПК Ақжар, Уәлиханов, Тайынша аудандарын; Шал ақын ауданының өңiрлiк ПМПК Айыртау, Есiл, Тимирязев, Шал ақын, Ғ. Мүсiрепов аудандарын; облыстық ПМПК Петропавл қаласы, Қызылжар, Аққайың, Жамбыл, Мамлют, М. Жұмабаев аудандарындағы балаларды өз қызметiмен қамтиды.

Облыстың 15 ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi (ППТК) жұмыс iстейдi, олармен 728 балаға қызмет көрсетiледi. Облыста 89 логопедиялық пунктi жұмыс iстейдi, онымен 1965 бала қамтылған.

ПМПК және ППТК меңгерушiлер және мамандармен аудандық және облыстық газеттерде мерзiмдi ақпараттық және кеңес беру сипатында мүмкiндiгi шектеулi балаларды тәрбиелейтiн ата-аналар үшiн және ПМПК және ППТК жұмысы жайлы материалдар басылады.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 10:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.05.2018 18:19

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+