«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанды (ҰАН) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары

«Бала еңбегiн қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық кампаниясын өткiзу барысы туралы

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — «Бала еңбегiн пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық кампаниясы шеңберiнде солтүстiкқазақстандық полицейлер рейдтер жүргiзуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Оралда полиция қызметкерi әрiптесiне пышақпен шабуыл жасады Таразда түнгi рейд барысында 43 жасөспiрiм полиция бөлiмiне жеткiзiлдi Жетiсай ауданында бұрын сотты болған тұрғынның үйiнен есiрткi табылды СҚО Полиция департаментi баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, Ұлттық ақпараттық кампания маусымның бiрi — балалардың жазғы каникулiне орай бастау алды. «Бала еңбегiн қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық кампаниясын өткiзу барысы туралыӨйткенi демалысқа шыққан жоғары сынып оқушылары осы аралықта жалданып еңбек етiп, ақша тапқылары келедi. Талпыныстары дұрыс-ақ, алайда барлығы заңға сай жүзеге асуы керек. Ювеналдық полиция қызметкерлерi, құзырлы мекемелер және қоғамдық ұйым өкiлдерi рейд барысында балалар жұмысқа орналасуы мүмкiн сауда орындарын, базарларды, көңiл көтеру орындары мен сапаржайларды тексердi. «Облыста «Бала еңбегiн пайдалануға қарсы 12 күн» акциясы аясында 541 рейд ұйымдастырылып, 654 нысан тексерiлдi. Акцияның мақсаты — балалар еңбегiн қанауға жол бермеу. Сол себептi кәсiпкерлермен кездесiп, кәмелет жасына толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын түсiндiремiз. Мәселен, 18 жасқа толмағандар түнде еңбек ете алмайды, олардың еңбек күнi 4 сағаттан аспауы керек. Жасөспiрiмдерге ауыр және адами дамуына нұқсан келетiн жұмысты iстетуге болмайды», — дейдi Жергiлiктi полиция қызметiнiң басшысы Айдын Байматов. Полицейлердiң айтуынша, түнгi рейдтер барысында 29 заңбұзушылық анықталды. Олардың iшiнде кәмелет жасына толмағандарға дұрыс тәрбие бермеу, жасөспiрiмдердiң түнгi уақытта көшеде жүруi және олардың спирттiк iшiмдiктердi iшуi секiлдi жағдайлар бар. «16 жастағы жасөспiрiм қыздың анасы полицияға арызданды. Кешкi 23.00-ге дейiн сұранып кеткен бойжеткен белгiленген уақытта үйге келмеген. Қыздың араласатын адамдарын сұрастырып, оның ата-анасын ескертпей құрбыларымен саяжайға қыдырып кетiп қалғанын анықтадық. Түнгi екiлер шамасында жасөспiрiмдi байыз таппаған анасына әкелiп тапсырдық», — дейдi ювеналдық полицейлер. Тәртiп сақшыларының айтуынша, бұл жұмыстар жаз бойы жалғасын таппақ.

Ақпарат көзi inform.kz белсендi сiлтеменi пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/sko-da-yuvenaldyk-policiya-10-kunnin-ishinde-29-zan-buzushylykty-anyktady_a3536437

БЕКIТЕМIН
Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмiнiң орынбасары
__________________ Р.К. Әлiшев
2019 жылғы «_____»_______________

«Бала еңбегiн қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын (ҰАН) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi бiрлескен жұмыс жоспары (2019 жылғы 1-12 маусым)


к/к
Шара атауы Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар/бірлесе орындаушы
Ұйымдастыру шаралары
1. Мүдделі органдарға және білім ұйымдарына «Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын (ҰАН) өткізу жөнінде ақпараттық хатты әзірлеу және жолдау Ақпараттық хаттар 17-20 мамыр СҚО ББ
«Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанды (ҰАН) ақпараттық қамтамасыз ету
2. «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанның (ҰАН) басталуы жөніндегі баспасөз-конференциясы
Баспасөз хабарламасын әзірлеу
Ақпарат 30 мамыр СҚО ББ, СҚО ІІД, СҚО МЕИБ, Аудандар мен Петропавл қаласының білім мекемелері
3 ҰАН өткізу туралы ақпаратты СҚО ББ сайтында орналастыру Ақпарат маусым СҚО ББ
4 Бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемлары және балаларды сатуды алдын алу бойынша үндеухаттарды дайындау және тарату Ақпарат маусым Аудандар мен Петропавл қаласының білім бөлімдері
5 Бұқаралық ақпарат құралдарында бала еңбегінің ең нашар түрлерін алдын алу бойыншамақалалар, сұхбаттар жариялау Мақалалар, сұхбат
Ақпарат
1-12 маусым СҚО ББ, СҚО ІІД, СҚО МЕИБ, Аудандар мен Петропавл қаласының білім мекемелері
6 Білім ұйымдарында отбасылық құндылықтарды және бақытты балалық шақты насихаттайтын позитивті бейнероликтердің көрсетілімін ұйымдастыру Бейнероликтер көрсету. Ақпарат маусым СҚО ББ, Аудандар мен Петропавл қаласының білім мекемелері
Негізгі кезең
7 Білім беру ұйымдарында, жазғы сауықтыру алаңдарында бала еңбегін жою мәселесі жөнінде әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиеттерінің көрмесін ұйымдастыру Ақпарат 1-12 маусым Аудандар мен Петропавл қаласының білім бөлімдері, Білім мекемелері
8 Өмірдің қиын жағдайына ұшыраған балалар мен отбасыларға «Қызу желі», «сенім телефоны» қызметі Ақпарат 1-12 маусым СҚО ББ, Аудандар мен Петропавл қаласының білім бөлімдері
9 Жастар ұйымдары, ата-аналар қауымы қатыстырылған «Отбасыда зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» рейдтік шаралар Ақпарат 1-12 маусым СҚО ІІД, СҚО ББ, Аудандар мен Петропавл қаласының білім мекемелері
10 Жұмыс орындарында педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың ата-аналарымен кездесуі. Адам саудасын, балаларды жыныстық, еңбек қанауына тарту алдын алу бойынша оқушылар, ата-аналар және педагогика қауымдастығы арасында түсіндірме жұмыстар жүргізу Ақпарат 1-12 маусым СҚО ББ, Аудандар мен Петропавл қаласының білім мекемелері, ББЖҰ «Жас Ұлан» СҚО (келісім бойынша)
11 «Бала еңбегінің ең нашар түрлері» тақырыбында семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу Ақпарат 1-12 маусым Аудандар мен Петропавл қаласының білім мекемелері
12 Жазғы сауықтыру лагерьлерінде және мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында «Бала еңбегі тоқтатылсын!» тақырыбында флеш-мобтар, балалар дебат турнирлері, пікір-талас алаңдарын, аутрич-науқандарын ұйымдастыру және өткізу Ақпарат 1-12 маусым СҚО ББ, СҚО ІІД, Аудандар мен Петропавл қаласының білім мекемелері
13 «Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізу қорытындыларын әкімдіктердің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия кезекті отырысында қарау Ақпарат маусым СҚО ББ, СҚО ІІД
Қорытынды кезең
  Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізудің қорытынды ақпаратын әзірлеу Ақпарат 12 маусым СҚО ББ, СҚО ІІД, Аудандар мен Петропавл қаласының білім мекемелері

Бiлiм басқармасының басшысы Г. Кәрiмова

Келiсiлдi
Солтүстiк Қазақстан облысы
Iшкi iстер департаментiнiң
жергiлiктi полиция басқармасының бастығы
«____»_____________2019 г.
____________________ А. Байматов

Келiсiлдi
Солтүстiк Қазақстан облысы
мемлекеттiк еңбек
инспекциясы басқармасының басшы
«____»______________2019 г.
____________________Қ. Пiшенбаев

Қысқартулар:

СҚО IIД — Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi
СҚО ББ — Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы
СҚО МЕИБ — Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 03.06.2019 23:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.06.2019 11:12

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+