«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Дарынды балалармен жұмыс, конкурстар, олимпиадалар

2019 жылдың 4-5 қаңтар аралығында Петропавл қаласында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша Республикалық оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңi «ЛОРД» лицейi базасында — жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназияда — қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткiзiлдi.

Олимпиадаға 9-11 сыныптардан барлығы 550 оқушы қатысты. 13 аудан мен Петропавл қаласының және сонымен қатар облыстық мамандандырылған мектептердiң 223 оқушысы жеңiмпаз және жүлдегер атанды.

Ең көп қатысушы Петропавл қаласынан — 129, оның 86-сы жүлделi орындарға ие болды. Олимпиадаға қатысушылардың арасынан келесi мектептердiң оқушыларын атап өткiмiз келедi: «БЭСТ» гимназиясы, Бiрiншi лицей, «Лорд» лицейi, Есiл ауданының Корнеевка гимназиясы, С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия, М. Айтхожин атындағы №1 ОМ, «Дарын» мектеп-лицейi, Тайынша ауданының Петровка ОМ, Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп-лицейi және тағы басқаларын.

Жыл сайын мектептердiң олимпиадалық командалары арасында қорытындылар жасалады. Ең үздiк мектеп командасы атағына «Бiлiм-Инновация» (30 жүлделi орын),«БЭСТ» гимназиясы (28 жүлделi орын),Бiрiншi лицей (27 жүлделi орын) жарысты. Олимпиаданының қорытындысы бойынша қоржынға ең көп медаль жинаған «Олимпиаданың ең үздiк мектеп командасы» болып «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандырылған гимназия-интернаты» КММ командасы аталды. Осы гимназияның оқушылары 32 жүлделi орынға ие болды, оның 11 — бiрiншi орындар. Гимназияның бағыты-қоғамдық-гуманитарлық, бiрақ гимназия оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша да жеңiске жеттi.

Аудандар арасында олимпиаданың ең үздiк ауылдық командасы болып Есiл ауданының командасы атанды, олардың 11 жүлделi орындары бар, 2 — бiрiншi орын, 4 — екiншi орын және 5 үшiншi орын.

Оқушылар олимпиадасының облыстық тур қорытындылары бойынша орындардың бөлiнуi

Ауданның атауы Қатысушылар саны, барлығы ҚГБ ЖМБ Жүлделі орындар саны 1 орын 2 орын 3 орын грамота
1 Айыртау 12 10 2 5 1   4  
2 Ақжар 14 12 2 5 2 2 1 2
3 Аққайың 12 7 5 1     1  
4 Есіл 23 19 4 11 2 4 5  
5 Жамбыл 17 10 7 4   1 3 1
6 М. Жұмабаев 11 10 1 0        
7 Қызылжар 46 26 20 10 2 1 7 3
8 Ғ. Мусірепов ат. 16 13 3 2   1 1 1
9 Мамлют 30 30 0 4   3 1 2
10 Тайынша 11 10 1 6   2 4 1
11 Тимирязев 12 10 2 0        
12 Уалиханов 17 9 8 3   2 1 2
13 Шал ақын 25 16 9 6     6 1
14 Петропавл қ. 129 71 58 86 17 27 42 6
15 А. Досмұхамбетов ат. гимназия 65 28 37 32 11 10 11 2
16 Білім-инновация 63 34 29 30 4 12 14 2
17 ЛОРД 34 15 19 16 2 9 5 2
18 Мамлют СМИ 1 0 1 1     1  
19 спортинтернат 12 7 5 1     1  
  СҚО бойынша барлығы 550 337 213 223 41 74 108 25

2019 жылғы 8 қаңтардағы №14 бұйрық «2018-2019 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындылары туралы» (DOC 55 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2018 10:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 18:40

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+