«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

2016 ж.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауына пікірлер

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Өсу, реформа және даму» атты Қазақстан халқына Жолдауына пiкiр

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев биылғы Жолдауында қазiргi жаһандық арпалыстар дәуiрiнде, өркениеттер қақтығысында, әлемдi жайлаған экономикалық дағдарыс кезiнде елiмiздiң қалай даму керектiгiн көрсете отыра, «Ұлт жоспарын» жүзеге асырудың перспективалары мен мiндеттерiн нақты айқындады. Болашақта елiмiздiң қарқынды өсiп дамуын қамтамасыз ететiн бес мақсат белгiлендi, олар: қаржы секторын тұрақтандыру; бюджеттiк жобаларды оңтайландыру; iшкi ресурстарды жекешелендiру; жаңа инвестициялық саясаттың негiздерi; жаңа экономикалық саясат.

Кезiнде Елбасының тiкелей шешiмiмен елiмiздегi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау мақсатында құрылған Ұлттық қорда осы кезге дейiн жинақталған қаржы көздерiнiң бiр бөлiгi осы бағыттар бойынша экономиканың нақты мәселелерiн шешуге жұмсалатын сол сияқты осы Жолдаудағы мiндеттердi атқаруға 7,5 трлн. теңге жұмсалатынын атап көрсеттi.

Жолдауда мемлекеттiң қазiргi экономикалық қиыншылықтарға қарамастан өткен жолдауларда алға қойылған мемлекет алдындағы әлеуметтiк мiндеттердiң орындалатыны (әлеуметтiк сала қызметкерлерiнiң жалақыларының, шәкiртақыларының өсуi) бiр жағынан халықты қуантса, екiншi жағынан мемлекетiмiздiң саясатының берiктiлiгiн, тұрақтылығын көрсетедi. Елбасымыз әрдайым бiлiм жүйесiн өз назарында ұстайды, осы жлғы жолдауда да қазақстандық жастар үшiн кәсiби-техникалық бiлiм тегiн болатындығы халқымыз үшiн қуаныш әрi әлеуметтiк мемлекет екенiмiздiң дәлелi. Ел жастарына Қазақстанның келешегi үшiн тарихи жауапкершiлiк арқалайтын азаматсыңдар дей отыра, жұмысшы мамандықтарын белсендi түрде игеруге шақырды. «Бiлiмдi, еңбекқор, бастамашыл, белсендi болуға қазiрден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңiрге батыл барыңдар. Шеберлiктiң шыңына жете бiлсеңдер мамандықтың бәрi жақсы. Қазiр техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күнi туған заман. Ерiнбей еңбек еткен, талмай ғылым iздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Бiз жүзеге асырып жатқан түбегейлi реформалар мен атқарып жатқан қыруар iстердiң бәрi сендер үшiн, болашақ үшiн жасалуда», деп еңбек адамының бiздiң қоғамда әрдайым мадақтап, жалпыға ортақ еңбек қоғамын жетiлдiре беретiнiмiздi жеткiздi.

Бiздiң колледж ұжымы Республика Президентiнiң әрдайым бiлiм беру саласына катысты идеяларын қолдайды, осы құжатта көрсетiлген мiндеттердi жүзеге асыруда белсендiлiк танытып, елiмiздiң кемел келешегi үшiн елеулi үлес қосатынымызғ сенiмдiмiз.

Елбасы Жолдауында көрсетiлген асқаралы мiндеттердi абыроймен орындау — әрбiр қазақстандықтың Отан алдындағы перзенттiк борышымыз деп бiлемiз.

М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжiнiң әкiмшiлiк ұжымы.

Елбасының Жолдауына пiкiр

Бiз тәуелсiз елiмiздi сақтап,болашағы зор,дамыған мемлекетке айналдық. Елiмiздi бүкiл әлем танып, көк туымыз биiк шыңдарда желбiреп келедi. Мемлекет тарапынан бағдарламалар құрылып,әр саланы дамытуға көмек көрсетiлдi.

Бүгiнгi Жолдауда әлемдiк дағдарысқа қарамай, әр адамға үмiт артып,жаңа мақсаттар мен мiндеттер жүктелдi.

Президентiмiз қазiргi дағдарыс кезiнде халқымызды бiрлесе еңбек етiп,уақытша қиындықтан жеңуге күш-жiгерiмiздi жұмсап, тынбай еңбектенуiмiзге шақырды.

Көшбасшымыз осы Жолдауда да жастарға ерекше үмiт артатынын қадап айтты.

2017 ж. техникалық мамандықтар ақысыз оқытылып,жұмысшы мамандықтарына оқитын жастарға жол ашылады.

Жұмысшы мамандығын игерiп,бiлiмдi,бiлiктi мамандардың елiмiзге ауадай қажет екенiн өткiр,дәлелдi пiкiрлерiмен дәлелдеп отырды.

Президент өзiнiң өмiрiн мысал етiп,қарапайым жұмысшылардан бастап халық қалаулыларынан ел үшiн еңбек етiп,қиындықтардан бiрлесе өтудi атап өттi.

Бәрiмiз бiр адамдай осы құжатты негiзге алып,еңбек етсек ,жемiсiн көретiнiмiзге сенемiн.

Ұстаздар тарапынан елiмiздiң бiлiктi,бәсекеге қабiлеттi жастарды тәрбиелеуге мiндеттiмiз.

Гүлнұр Мизанбаева,
қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң оқытушысы

«Нұрлы жол» — Қазақстанның жаңа бағыты
«әл-Фараби» мектеп-лицейiнiң Елбасының халыққа Жолдауын талқылау

Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлi «Нұрлы жол» — Қазақстанның жаңа бағыты атты Жолдауында Елбасы адамзат үшiн, ең қажеттi елдiң дамуын қамтамасыз ету үшiн, экономиканы одан әрi жаңғырту, жұмыспен қамту стратегияларын iске асырудың жаңа жоспарларын және алға қойған мақсатқа жету жолдарын ұсынған. Елiмiздiң жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын да белгiлеп көрсетiлген. Оның iшiнде қазiргi бар оқу орындарының базасында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру, педагог кадрлардың жалақысын орташа мөлшерi 2016 жылы 1-шi қаңтардан 29 пайызға өсетiнi жайында айтылып өткен. Сонымен бiрге болашақта, техникалық мамандықтарға сұраныс артуына байланысты, 2017 жылдан бастап кәсiптiк-техникалық бiлiм беру тегiн болатыны, қай ұстазды және қай ата-ананы болмасын қуантпай қоймайды. Бiздiң мектептiң мұғалiмдер қауымы, бiлiм ордасынан түлектердi бiлiм нәрiмен сусындатып, өмiр жолына шығарып салып жатыр. Сол түлектердiң келешекте жоғары оқу орнында бiлiм алуына, маман иесi болғаннан кейiн жұмыспен қамтылуына әр кез елеңдеп отырады. Сондықтан да Елбасының әр Жолдауында жастардың жағдайы, олардың бiлiм алу мүмкiндiгi жайлы сөз етiлуi көңiлiмiзге зор қуаныш ұялатады.

Елбасы өз Жолдауында студенттердiң ғана емес, зейнеткерлердiң, мұғалiмдердiң, дәрiгерлердiң жағдайларына көңiл аударып, назардан тыс қалдырмайды.

Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан мақсатымыз анық, болашағымыз нұрлы, әл-ауқатымыз жақсы болады деген сенiмдемiз. Елбасының көрегендi саясатына сенiмiмiз артып және әлемдi шарлаған дағдарыстан аман — есен сүрiнбей өтемiз деген үмiттемiз.

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты

Тәуелсiз мемлекет атанғанымызға 25 жыл толғалы отыр. Елiмiз талай қиын кездердi, дағдарысты бастан өткердi. Алдымыздағы жаһандық дағдарысты да еңсерiп, мемелекетiмiздi одан әрi көркейтемiз деген ойдамын. Жолдаудағы Елбасымыздың алға қойған мақсаттары орынды. Себебi, қазiргi әлемде болып жатқан жағдайлар, алпауыт мемлекеттердiң бiр-бiрiне санкция жариялауы, негiзгi экспорттық тауарлардың бағасының құлдырауы, терроризмдiк әрекеттердiң орын алуы кiмдi де болсын ойландырары хақ. Елбасымыз айтқандай: «Бәрiмiз бiрiмiз үшiн, бiрiмiз бәрiмiз үшiн бiрiгiп, еңбек етуiмiз керек. Сонда Қасиеттi Қазақстанымызды Мәңгiлiк Ел етемiз». Осы уақытқа дейiн жүзеге асырылған ондаған жобалардың өз жемiсiн беруi, дәл бүгiнгi күнi Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына енуi Қазақстанның қай жағынан болсын дамып жатқандығын көрсетедi. 1997 жылы алға қойған мақсатымыз Әлемдегi дамыған 50 елдiң қатарына ену болса, қазiр 30 елдiң қатарына ену. Менiң ойымша, осындай президентiмiз барда, алға қойған мақсаттарымызды уақытынан бұрын орындаймыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлының кезектi халыққа арнаған Жолдауын баршамыз ынта-ықыласпен қабылдадық. Елбасымыздың Жолдауын мұқият тыңдап, зерделей ой түйдiк. Қол жеткен жетiстiктердi ешкiм жоққа шығара алмасы анық. Сондықтан, көреген Елбасы жариялаған Жолдау межелерiн жүзеге асыруда тұтастай халықтың ауызбiршiлiгi мен жауапкершiлiгi өте қажет. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы бiздiң болашақ өсуiмiздiң, өркендеуiмiздiң нақты тұғырнамасы iспеттi. Сара саясатының нәтижесiнде дербес дамуды қалыптастырып, баянды бағытымызды үнемi жаңғыртып, толықтырумен келемiз.

Алдымыздағы алтын ғасырға теңелген ұлық бағытымызды Елбасымызбен бiрге жүзеге асыруды Алла нәсiп етiп, тәуелсiз Отанымыздың болашағын жарқын қылғай!

Мақаланың шыққан күні: 15.05.2018 10:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.05.2018 10:55

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+