«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Солтүстік Қазақстан облысының бiлiм басқармасы басшысының блогы

«Дамыған бәсекеге қабiлеттi мемлекет болу үшiн жоғары бiлiмдi ұлт болуымыз қажет».

«Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты»
Қазақстан Республикасы Президентi — Ұлт басшысы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметтi педагогтар, ата-аналар және қоғам өкiлдерi! 

Мемлекеттiк саясаттың басымдықтарының бiрi бiлiм саласын дамыту болып табылады. Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени прогресстiң серпiнi, алдағы жылдардағы ұлттың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң деңгейi бiлiмге тәуелдi.

Ел Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында бiлiм саласының дамуын қорытындылады және педагог қауымы алдында жаңа мiндеттер қойды.

«Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президентi — Ұлт басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: — «Қазiргi заманда сауатты болу ғана жеткiлiксiз. Азаматтарымыз үнемi алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтарды игреуге және замануи өндiрiсте жұмыс iстеуге дайын болулары қажет. Балаларымыздың, өсiп келе жатқан ұрпақтың функционалдық сауаттылығына көңiл бөлуiмiз қажет. Балаларымыздың қазiргi заманғы өмiрге бейiм болуы маңызды» — деп айтылған.

Қойылған мiндеттердi орындау мақсатында бiлiм жүйесiн жаңартуға, оның қазiргi заман талаптарына бейiмделуiне бағытталған шаралар қабылдануда.

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында айқындалған маңызды жаңалықтар мен өзгерiстердiң ауқымдылығы облысымыздың бiлiм саласында қарастырылған: бiлiм саласына деген инвестициялар, педагог кәсiбiнiң мәртебесi мен беделi артуда; оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары енгiзiлуде; қамқорлық кеңестерi құрылып, әлеуметтiк серiктестiктi дамыту арқылы мемлекеттiк-қоғамдық басқару бекiтiлуде; кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлаудың дуальдық үлгiсiне көшу қарастырылған.

2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамыту жөнiндегi iс-қимыл ұлттық жоспары тәрбие жұмысына жаңа серпiн бердi. Оның шеңберiнде қосымша бiлiм беру жүйесi дамып, жетiлуде.

Бiлiм және кәсiптiк машықтар — қазiргi заманғы бiлiм жүйесi, кадрларды даярлау және қайта даярлаудың басты бағыты.

Республикадағы бiлiм жүйесiн реформалау және жаңарту екпiнiн ескере отырып, бiз осы саланың басты бағыттарына күштерiмiз бен қаражаттарымызды жұмсап, мынадай шараларды орандауларымыз қажет:

— ұсынылатын бiлiм қызметтерiнiң сапасын арттыру;

— 3-6 жастағы балаларды мектепке дейiнгi бiлiммен және тәрбиелеу «Балапан» бағдарламасын орындауды 100% артуын қамтамасыз ету. Бүгiнгi күнi Тайынша, Тимирязев, Мамлют аудандарында мектепке дейiнгi ұйымдарда балалар орнын ұсыну жөнiндегi ата-аналардың барлық өтiнiштерi қанағаттандыру;

— оқу қызметiнде инновациялық әдiстердi, шешiмдердi және құраларды, сонымен қатар қашықтан оқыту және онлайн режимде оқытуды тиiмдi пайдалану;

— қазақ тiлiнде оқытатын мектептер желiсiн және орыс тiлiнде оқытатын мектептер жанында қазақ тiлiнде оқытатын сыныптарды дамыту жөнiндегi шаралар қабылдау;

— кәсiптiк-техникалық бiлiм беру саласында – экономикадағы ағымдағы және келешектегi мамандарға қажеттiлiктi қанағаттандыруға бағыттау;

— әлеуметтiк серiктестiк түрлерiн дамыту және жетiлдiру арқылы кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлаудың дуальдық үлгiсiне көшу. Оқушылардың практикалық машықтарын дамыту мақсатында жұмыстерушiлермен серiктестiк арқасында оқу жоспарларында оқу уақытының 60 пайызына дейiн өнiдiрiстiк тәжiриебенiң үлесi артты. Бүгiнгi күнi осы оқыту жүйесiн енгiзу 9 мамандық бойынша 6 колледж базасында жүзеге асырылуда. Әлеуметтiк серiктестер колледж түлектерiнiң кәсiптiк даярлығының деңгейiн тәуелсiз бағалауға белсендi қатысады.

Бiлiм берудi жаңартуды мұғалiмдердiң белсендi рөлiнсiз елестету мүмкiн емес. Облыс мектептерiнде оқу-тәрбиелеу үрдiсiн ұйымдастыруға жаңа көзқараспен қарайтын қазiргi заманғы тұрақты мұғалiмдер ұжымы қалыптасты. Бұған оқушыларыныздың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жетiстiктерi дәлел.

Ел Президентi алдымызға қойған мiндеттердi толық көлемде жүзеге асыру үшiн облыс педагогтарының кәсiптiлiк және шығармашылық әлеуетi бар.

Последние записи

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында берген тапсырмалары туралы

Солтүстiк Қазақстан облысы Бiлiм басқармасының басшысы Ш. Каринованың алқа отырысындағы баяндамасы 23.12.2015 ж. Құрметтi алқаға қатысушылар! Құрметтi әрiптестер! Өздерiңiз бiлесiздер, 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық на…

Автор: Управление образования СКО || Опубликовано: 18.01.2016
Читать далее…

Білім басқармасы басшысы Ш.Т. Каринованың 2014 жылғы 6 ақпандағы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысында сөйлеген сөзі

«Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы білім саласын дамытудың негізгі бағыттары туралы Құрметті Фархад Шаймұратұлы! Құрметті әріптестер! Елбасының жыл сайынғы Қазақстан ха…

Автор: Управление образования СКО || Опубликовано: 18.02.2014
Читать далее…

Басқарма басшысы
Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+